Ақтауда немересін аман алып қалған дәрігерге әжесі сәбидің тұсауын кестірді

15.02.2024, 15:54
761
Ақтауда немересін аман алып қалған дәрігерге әжесі сәбидің тұсауын кестірді mangystaumedia

Ақтаулық хирург-дәрігер Құрман Қайранов сәбиге туа сала күрделі отаны сәтті жасап, анасының да өмірін сақтауға көмектескен.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша,әлеуметтік желіде маңғыстаулық әженің хирург-дәрігер Құрман Қайрановқа алғыс айтқан бейнеролигі тарап, желі қолданушыларының жүрегін тебірентті. Бұл туралы mangystaumedia.kz жазды.

Қоғамдық коммуникация орталығының дерегінше, Instagram желісінде 250 мыңнан астам қаралым жинаған бейнежазба қолданушылардың қызу талқысына түсті.

Видеоның басты кейіпкері Жазық Сарыкулова немересінің тұсаукесер тойында дәрігерге алғысын айтып, ағынан жарылды. Ақтаулық хирург-дәрігер Құрман Қайранов сәбиге туа сала күрделі отаны сәтті жасап, анасының да өмірін сақтауға көмектескен.

- Нәрестенің денсаулығындағы ақау ана құрсағында жатқанда анықталды. Бала жарық дүниеге келген бойда үш сағаттық операция жасау керек болды. Әрине оңай болған жоқ. Мен қазір ең қиын сәттің артта қалғанына қуаныштымын, - деді Құрман Қайранов. 

Ауыр отадан кейін бала бір ай бойы жансақтау бөлімінде болған. Ақ халатты абзал жанға алғысын білдіргісі келген нәрестенің туыстары дәрігерді арнайы тұсаукесер рәсіміне шақырған. 

- Біз Құрманды мақтаныш тұтамыз. Ол Маңғыстау облысы бойынша аса тәжірибелі дәрігерлердің бірі. Осындай білікті мамандармен мақтанамыз. Дәрігерлерге басымызды иеміз, - деді Жазық Сарыкулова. 

Құрман Қайранов Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасында 25 жылдан астам, ал облыстық перинаталдық орталықта 12 жыл жұмыс істейді. Ел ықыласына бөленген, халық алғысын арқалаған хирургтің айтуынша дәрігер болу үлкен жауапкершілікті жүктейді. Ол ұзақ жылдар бойы Ресей, Израиль елдерінде кәсіби білімі мен біліктілігін ұдайы жетілдіріп, тәжірибесін толықтырған. 

- Адам алдымен өз мамандығына берік және адал болуы тиіс. Бала денсаулығы аса күрделі сала. Сондықтан әрбір отаны жасау бұл командалық жұмыстың нәтижесі. Хирург, анестезиолог, неонатолог, реаниматолог, орта және кіші медицина қызметкерлерінің тығыз әрекет етуінің арқасында ғана кез келген операция сәтті өтуі мүмкін, - дейді Құрман Қайранов.

Forte Kulanshi Art Space: Астаналық арт-ортаның жаңа белесі Словения президенті Димаштың жанкүйері болып шықты «Qoslike» бағдарламасының жүргізушісі ұзатуында өзіне тілек айтып, халықтан сөз естіді (ВИДЕО) Енді жеке куәлікті онлайн алуға болады «Chanel, Dolce & Gabbana және Prada»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті Шерзаттың әпкесі Бақыт Реймова суицид жасамақ болды «Жүре алмай, қоштасып келдім»: Жұлдызай Дүйсенбиева ауыр халге түскенін айтты «Аурухананың білікті заңгері болды»: Құлсарыда бұрынғы күйеуінің қолынан қаза болған әйел туралы тың дерек пайда болды «Кредит жабамын» деп Ресейге жұмысқа кеткен жігіт жоғалып кетті Жетісулық мектеп оқушысы бетон жабындысының астында қалды Туды қорлаған қара жамылған қыздар жазаланды Бүгін Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл «Жаңбыр, тұман, жел»: 1 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Шерзат Болаттың ісі бойынша сот қашан басталатыны белгілі болды «Арасында Сара Тоқтамысова, Мөлдір Әуелбековалар бар»: Айгүл Елшібаева хиджабтың үстінен тақия киетіндерді сынады «Мама, намаз оқисыз ғой» деп отыратын»: Қаржы пирамидасын жарнамалап сотталған Мейіржан Төребаевтың анасы ел алдына шықты Павлодарлық еркек 14 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді Әлімжеттік туралы видео жариялаған астаналық студенттің анасы жауапқа тартылды «Бриллианттарымды таратып жатырмын»: Мақпал Жүнісова әнші Бүркіттің әйеліне ерекше сыйлық тарту етті «Бетін аяқпен теуіп, түкірген»: Теміртаулық жасөспірімдер зейнеткерді ұрып-соққан (ВИДЕО)