Талдықорғандағы петроглифтер жайы: Мұхтар Тайжан депутаттарға назар аударуды талап етті

Аиса Махамбет Редактор
15.02.2024, 16:07
881
Талдықорғандағы петроглифтер жайы: Мұхтар Тайжан депутаттарға назар аударуды талап етті Петроглифтердің ізшілері

Қоғам өкілдері Талдықорған маңындағы петроглифтерді жою немесе көшіру заңсыз екенін мәлімдеді.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, бүгін Алматыда Ұлттық баспасөз клубында «Талдықорған өңіріндегі бірегей петроглифтердің жойылу қаупі» тақырыбында брифинг өтті.

Бұрын хабарланғандай, 2024 жылдың 9 ақпанында кешке Қызылтас жотасының ауданында (Талдықорған қаласынан 4 шақырым жерде) екі өндірістік жарылыс болды. Оның бірін қала тұрғындары видеоға түсіріп алған. Бұл аймақта әлі ғалымдар зерттеп үлгермеген, тарихи ескерткіштің ресми мәртебесі жоқ петроглифтердің көп жинақталуы бар. Дегенмен сарапшылар мен ғылыми еріктілердің барлау нәтижелеріне сәйкес, мұнда бірегей, теңдесі жоқ жартас суреттері бар.

«Петроглифтердің ізшілері» ҚҚ үйлестірушісі Ольга Гумированың айтуынша, «Өткен жылы «Атамекен» РКП алаңында жұртшылық, әкімдік өкілдері мен диорит өндіруші «Темірбетон» кәсіпорны (холдинг құрамында АСПМК-519 ) диалогы арқылы келісімге қол жеткізілді. Ол үшін еріктілер соған қатысты құжаттар топтамасын, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздемесін, қоғамдықтың даулар хаттамасын, археологиялық сараптаманы, апаттық қазба жұмыстары туралы есептерді және т.б. алуы керек болды, сонымен қатар Мәдениет министрлігінің қамқорлығындағы комиссияны тарту ұсынылды. Қоғам белсенділері құжаттарын сол күйі алған жоқ.

Комиссияның қорытындысына қатысты сұрақтар көп.

Ал 9 ақпанда кәсіпорын жұмысын қайта бастады. Қызылтас жотасы алып кешенболғандықтан дау-дамай таусылар емес және ол шешілмей жатуы да қалыпты нәрсе. Біз мұқият тексеруді ұсындық. Қазір біз басқа да әзірлемелер болуы мүмкін екенін білеміз».

Қоғам белсенділері жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, археологиялық және экологиялық сараптама материалдарын, қоғамдық тыңдау хаттамасын және 32 сақ қорғанында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының есебін сұрады. Алайда «Темірбетон» ЖШС мен «Казархеология» ЖШС (археологиялық сараптама жүргізген) археологиялық зерттеулер бойынша халыққа толық есеп беруден бас тартады.

Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан: «Ескерткіштерді қорғауда жүйелі заң бұзушылықты көріп отырмын. Рұқсат алу үшін бір жеке компания екінші жеке компанияға ақша үшінрұқсат алуға жүгінеді. Бұл тікелей мүдделер қақтығысы. Мен 200-ден астам жеке ұйымдардың мұндай рұқсаттарды беруге құқығы бар екенін білдім. Бұл, менің ойымша, біздің заңнамадағы жүйелі қателік. Депутаттарға осыған назар аударуға кеңес беремін. Ескерткіштерді сақтаудың барлық мәселелері мемлекеттің құзырында болуы керек».

Текелі қалалық қоғамдық палатаның өкілі Наталья Хабарова: «Өткен жылыТалдықорған қаласының әкімі ескерткіштерді жоюды тоқтатамыз деп жұртшылықалдында уәде берген болатын. Бірақ бұл сөз болып қалды. Жергілікті қоғам қайраткері Динара Бәкірова 2020 жылдан бері облыс, қала әкімі аппаратынанбастап, барлық құзырлы органдарға жүгінгенімен, оның өтініштері елеусіз қалыпотыр».

«Зеленое спасение» («Жасыл құтқару») экологиялық қоғамының жетекшісі Сергей Куратов: «Петроглифтер сияқты ескерткіштерді жылжыту мүмкін емес, өйткеніжартастағы бейнелер, қорғандар мен жартастар біртұтас дүние болып кірігіпкеткен. Бұл мәдени ландшафт. Олар адам мен табиғаттың біріккен туындылары, тарихи, мәдени және экологиялық тұрғыдан алғанда ерекше жалпыадамзаттыққұндылыққа ие археологиялық ескерткіштер».

Брифингке қатысушылар көпшілікті тарта отырып, тексерісті қайта ұйымдастыру қажеттігін айтты.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)