«Он қызметкерді қысқартудан сақтап қалдым»: Азамат Сатыбалды «Қазақфильм» дауына қатысты пікір білдірді

Аиса Махамбет Редактор
15.02.2024, 16:36
972
«Он қызметкерді қысқартудан сақтап қалдым»: Азамат Сатыбалды «Қазақфильм» дауына қатысты пікір білдірді видеодан алынған кадр

«Менікі дұрыс па, бұрыс па?» дейді Азамат Сатыбалды.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Осыдан біраз уақыт бұрын Шәкен Айманов атындағы киностудияның аумағында қытайлық көліктер қаптағаны жайлы ақпарат тараған болатын. «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының басшысы Азамат Сатыбалды бұл дауға «ХабарLike» бағдарламасында пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды. 

«Бірінші сұрағым, «Қазақфильмнің» 16 гектар жерінен көлік көрдіңдер ме? Екінші сұрағым, автопаркте не тұруы керек? «Қазақфильмнің» 16 гектар жерінің арғы бұрышында 1,5 гектар автогаражы бар. Оның 80 пайызы қаңырап бос тұр. Ол жер маған дейін де жалға берілген.

Мен ол жер телімін арнайы заңды түрде жалға беру арқылы «Қазақфильмнің» 10 жұмыскерін қысқартудан аман сақтап қалдым. Менікі дұрыс па, бұрыс па? Егер құжаттың бәрі өтірік, арам тірлік болатын болса, мен баяғыда жұмыстан шығып кететін едім. Барлығы заңды, ашық. Келіп тексерсін, көрсін, көрді де. 

«Жүйелі сөз жүйесін табады. Жүйесіз сөз иесін қабады» дейді. Мен ешқашан ақталмаймын. Мен айына бір көлік алмаймын. Менің тіпті қызметтік көлігім де жоқ. Қазір достарымның берген көлігін мініп жүрмін. Біреуді қаралау арқылы өзіне хайп жинағысы келген адамдар жақсылап ойлану керек. Алланың және заңның алдында адал, дұрыс жұмыс істеп келе жатқанымды білемін.

Менің мақсатым - «Қазақфильмге» қызмет ету және оны дағдарыстан алып шығу. Ал сырттан үріп тұратын адамдардың маған еш қажеті жоқ. Тіпті оларды тілге тиек қылып, сөйлегім де, ақталғым да келмейді. Тіпті оларға жауап бергім де келмейді», - деді Азамат Сатыбалды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды