«Қыздарымыздың көрпесін көтергенше сапалы білім беріңіздер» – Меруерт Түсіпбаева

Аиса Махамбет Редактор
15.02.2024, 17:07
9739
«Қыздарымыздың көрпесін көтергенше сапалы білім беріңіздер» – Меруерт Түсіпбаева ашық дереккөзден

Әнші ҚазҰУ ректорының отставкаға кетуін талап етті.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, әнші Меруерт Түсіпбаева ҚазҰУ-інде жарияланған қыздардың пәктігі туралы тізімге қатысты пікір білдірді.

Өнер иесі Instagram парақшасында қазақ қыздары мен әйелдерінің өмірі күрделі деп атады.

«Жақында ғана қазақтың қыздары, қазақтың әйелдерінің өмірі неге сонша күрделі деп разбор жасап едім….. Менің постымнан кейін, МІНЕКЕЙ тағы бір тосынсый. Аталмыш ВУЗ-дың әкімшілігі қанша ақталып, осы мәселені жылы жауып, мәймөңкелегенімен (?!), бұл тізімнің жарыққа шығуында, бұның астарында бір шикілік бар-ау… Оны ақымақ болмасаңыз - аңғарасыз… Сонымен, бұл ТІЗІМ кімге керек болды екееееен?!

Ау! Жаңа ғана өмірін бастап жатқан жауқазын қыздардың жеке шекарасын бұзғанша, білім деңгейін ойламайсыздар ма?! Бәрін қатырып тастап, енді қазақ қызының арын таптайтын осы тізім қалып па еді?! Ұят!! Куда мы катимся?!», - деп ашынды әнші.

Әнші бұл істі қылмыс деп атап, университет басшылығы жұмыс орнын босатуын талап етті.

«Солтүстік Корея демалсын! Қыздарымыздың көрпесін көтергенше сапалы білім беріңіздер! Неге қазақтардың басым бөлігі балаларын шетелде оқытады?! Бұл қылмыс! Жылы жаппай, мемлекет тарапынан тексеріс қажет!

p.s. Кешірім сұрау аз; ректор өз қалауымен отставкаға кетуі керек!», - деп жазды әнші.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды