«Қабирхан жүйрік»: қазақстандық сәйгүлік жайлы ән жарық көрді (ВИДЕО)

15.02.2024, 18:09
1257
«Қабирхан жүйрік»: қазақстандық сәйгүлік жайлы ән жарық көрді (ВИДЕО) ашық дереккөзден

Топ жарған сәйгүлік Қабирханға ән арналды.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Дубайда өткен бәйгелерде топ жарған қазақстандық сәйгүлік Қабирхан туралы ән жарыққа шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

«Қабирхан жүйрік» деп аталатын туындының сөзін ақын әрі сазгер Медет Нұрқали жазған. Ал әуенін шығарған және әнді орындаған – «Алашұлы» тобының бұрынғы мүшесі Әзімбек Байлин.

«Екеуіміз бірге таңғы сағат 4-ке дейін отырып жаздық. Бірінші әні, содан кейін сөзі шықты. Мен негізі бұны бір аптадай толғатып жүргем. Сосын бір күні келді ғой», – деді Әзімбек Байлин. 

Бұл әннің шығуына Қабирханның иесі Тілек Мұхамбетқалиевтың жолдастары себеп болған көрінеді.

«Қабирхан екінші рет Дубайдан ұтып келгеннен кейін Тілек мырзаның жолдастары маған хабарласты. Ол кісілерді бұрыннан танимын. Менің «Арғымақ» деген әнімді ұнатқандарын айтып, сондай әнді Қабирханға арнап шығаруды ұсынды. Мен ұсынысты қабыл алдым. Осылайша Тілек мырзаға жолдастары сыйлық жасады», – деді Әзімбек Байлин.

Әншінің айтуынша, туынды Қабирханның иесі Тілек Мұхамбетқалиевке ұнады. Жақын арада ән ресми түрде желілерге жарияланбақ.

Әннің мәтіні:

Шабады тұлпар, ұшады сұңқар, жебедей ұшқан алыстан, 

Жалы бар жібек, жалындап жүрек желменен жүйткіп жарысқан.

Бәйгеден қашпай, тұяғы тастай, шаң қаптыратын шабыстан,

Көргенде топты, көзіде отты, тұлпар емес бұл арыстан.

Қайырмасы:

Шабандоз шапқан, тізгінін тартқан, бәйгеде бағы сыналған

Кабирхан жүйрік, Құдайдан сыйлық, қазақтың атын шығарған.

Соғады қамшы, түскендей тамшы далаға төккен нөсердей,

Арғымақ - аңшы, жігермен жаншы, мәрені қылмен кесердей.

Тулатып қанын, беретін жанын, тағасы жерді тесердей,

Доданы көрсе, еркіндік берсе тізгінін тістеп шешердей.

Домбыраның күмбірімен,

Арғымақтың дүбірімен.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды