Қазақстанда Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылғанының 35 жылдығы атап өтілді

Аиса Махамбет Редактор
16.02.2024, 09:09
655
Қазақстанда Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылғанының 35 жылдығы атап өтілді gov.kz

Қорғаныс министрлігі еліміздің басқа мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып, осындай атаулы күнге арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырды.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Астанада елорда әкмшілігінің, қорғаныс істері жөніндегі департаменті өкілдері және Ауғанстандағы ұрыс іс-қимылдары ардагерлері қоғамдық бірлестіктерінің басшылары «Отан қорғаушылар» монументіне және «Ауғанстанда қаза тапқан интернационалист жауынгерлер» мемориалына гүл шоқтарын қойды.

Еске алу шарасы Еркеғали Рахмәдиев атындағы филармонияның Мемлекеттік концерт залында жалғасын тапты. Онда бес жүзге жуық интернационалист жауынгерге «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл» естелік белгісі табысталды. Іс-шара соңы концертпен аяқталды. 

Астанада тарихи оқиғаны еске алу үшін Ауған соғысының ардагері отставкадағы полковник Амангелді Жантасов Ұлттық академиялық кітапхана мен Қарулы күштердің Мемлекеттік әскери-тарихи музейіне «На острие скальпеля» кітабын тапсырды. Оның авторы – арнайы мақсаттағы 177-ші жеке жасақтың әскери хирург-дәрігері, медицина қызметінің полковнигі Асылхан Өтеев.

– Асылхан Өтеевпен екі жыл бойы иық тіресе жұмыс істедік. Оның қолдары алтын. Бұл адам талайларды өлім аузынан арашалады, тіпті ешқандай үміт жоқ деген жағдайда да аман алып қалатын, – деп бөлісті А.Жантасов. 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды