Әлихан Бөкейхан университеті Huawei Technologies компаниясымен ынтымақтастық туралы келісім жасасты

16.02.2024, 09:31
906
Әлихан Бөкейхан университеті Huawei Technologies компаниясымен ынтымақтастық туралы келісім жасасты gov.kz

Оқу орны мен компания арасындағы ынтымақтастық бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары мен академиялық әріптестікке негізделеді және білім беру процесіне цифрлық технологияларды енгізуді көздейді.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Әлихан Бөкейхан университетінде Huawei Technologies компаниясымен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Қол қою рәсіміне университет Президенті, профессор Шырын Құрманбаева мен Huawei Technologies компаниясы бас директорының орынбасары Xu Hai (Сюй Хай) мырза қатысты.

Университетте қол қойылған келісім өңірдің цифрлық дамуын алға жылжытатын таланттар экожүйесін құруды, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды көздейді.

Бұған дейін Әлихан Бөкейхан университеті Huawei ICT Academy бағдарламасы аясында компания серіктестерінің қатарына енген. Бүгінде университеттің үш бірдей оқытушысы Huawei компаниясында оқудан өтті.

Оқу орны мен компания арасындағы ынтымақтастық бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары мен академиялық әріптестікке негізделеді және білім беру процесіне цифрлық технологияларды енгізуді көздейді.

Университет студенттері ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласында сертификаттаудан өтіп, компания ұйымдастыратын түрлі конкурстарға қатыса алады. Бұл өз кезегінде университет түлектерінің жұмысқа орналасуына септігін тигізеді. Ал оқу орнының оқытушылары Huawei компаниясы ұйымдастыратын біліктілікті арттыру курстарынан өту мүмкіндігіне ие болады.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды