Маған бұйырмаған Олимпиаданың алтыны Парижде отандастарыма бұйырса екен – Әділбек Ниязымбетов

Аиса Махамбет Редактор
16.02.2024, 12:59
1091
Маған бұйырмаған Олимпиаданың алтыны Парижде отандастарыма бұйырса екен – Әділбек Ниязымбетов ашық дереккөзден

Спортшы Париж олимпиадасына қатысты болжамын айтты.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Құрмет орденінің иегері, Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов қазақ боксшылары Париж Олимпиадасында жүлдеге таласуға толық мүмкіндігі барын айтты. Бұл туралы ол Kazinform халықаралық агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Спортшы "шаршы алаңнан кетсем де, спорт әлемінен кеткен жоқпын. Қазіргі таңда мен Ақтау қаласындағы облыстық олимпиадалық даярлау орталығында бокс мектебінің директорымын. Өзім айналысқан спорт түрінен жастарға тәлім-тәрбие беріп, тәжірибеммен бөлісіп жүрмін" дейді.

Биылғы жазғы Париж олимпиадасында боксшы кімдердің жеңісіне сенетінін айтты.

– Қазіргі таңда Мырзағали Айтжанов баптайтын Қазақстан ұлттық құрамасында кіл мықтф боксшылар жиналған. Олардың арасынан мен ешкімді бөле-жарғым келмейді. Барлығының да жүлдеге таласуға мүмкіндігі бар. Мен тек, барлығына сәттілік тілеймін. Бізде қазір Қамшыбек Қоңқабаевтан басқасы әлі жолдама алып үлгерген жоқ. Алда екі іріктеу турнирі тұр. Мен сол жарыстардан ұлттық құрма Парижге толық құрамда жолдаманы жеңіп алады деп сенемін, - дейді ол.

Сондай-ақ тілшінің "Өзіңіз бір емес, екі Олимпиада ойындарына қатысып, екі мәрте күміс жүлдегер атандыңыз. «Әттең-ай» деген кезіңіз болды ма?" деген сауалына спортшы былайша жауап қайтарды:

– Иә, мен екі рет Олимпиадаға бардым. Екеуінен де жүлдесіз қайтқам жоқ. Тек, алтын ала алмай кеткенім болмаса, басқа өкінішім жоқ. Шамам келгенше ел үміті үшін барын салдым. Қолымнан келгенді жасадым. Жанкүйерлерімнің көңілін жабырқатқан жоқпын деп ойлаймын. Мен алмаған алтынды алдағы Олимпиадада қазіргі боксшыларымыз алса екен деген тілегім бар, - деді спортшы.  

Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді