Медбикелердің орнын роботтар баспақ

16.02.2024, 10:24
651
Медбикелердің орнын роботтар баспақ e-cis.info

Қазіргі таңда ауруханаларға, емхананларға жүгінетін адамдар саны өсуде, соған байланысты «Міндетті медициналық сақтандыру» жүйесі үш жыл бойы іске асып жатыр. Бұл жүйе арқылы медицина саласы қаржылай тәуелсіз болып, халыққа медициналық көмектің қол жетімділігін арттырды.

2024 жылғы статистикаға сүйенсек компютерлік томогрфия, МРТ, ПЭТ құралдары алты есе, қымбат операциялар жасау саны 2,5 есе, консультативтік диагностика 5 есе көбейді. 2019 жылмен салыстырғанда, емханаларға жүгінетін адамдар саны төрт есе, ауруханада емделген науқастар саны 1,5 есе өсті. Бұл статистика Қазақстанда әртүрлі медициналық көмек көрсету түрлерінің дамып жатқанын көрсетеді. Осы жерде медбикелердің дәрігерлермен бір қатарда дамитынын баяндау үшін, біз Арай Орынбасарқызынан сұқбат алдық.

- Қайырлы күн, Арай ханым! Сұқбатымыздың бірінші сұрағы: Медицина саласына медбикелер қандай үлес қосады?

-Медбикелер науқастарға дәрігерлерге қарағанда,, жақынрақ адам. Медбикелер науқастармен коммуникацияны жақсы құрай біледі және науқасты болашақтағы отасына толықтай олар дайындайды. Яғни, дәрігерлердің бұйрығымен біз науқастың 100% отаудан сау өтіп шығып, операция кезінде қиыншылықтарды тудырмау үшін , денсаулығына, әліне және өмірлік көрсеткішіне толықтай жауап береміз. Сонымен қатар, пандемиядан кейін біз ауруды алдын ала зерттеп бастадық, ал науқастың бастапқы ауру белгілерін, оның жағдайын медбикелер қадағалайды, тіпті емделіп шыққан адам бәрі бірде ауруханада медбикелердің бақылауында бірнеше күн қаралады. Содан соң, зақымына байланысты, медбикелер жазылып шыққан науқасқа дәрілердің тізімін жазып береді немесе жағдайы ауыр, отаны ауыр көтеріп шыққан науқастарды дәрігерлердің бақылауында толықтай қадағалайды. Әрине, науқастарды бақылау деген оңай жұмыс сияқты естілетін шығар, бірақ біздің мойнымызда үлкен жауапкершілік. Мысалға, басын айналып жүріп бір науқасқа басқа науқастың дәрісін берсен, дұрыс емес дәрілерді жазып берсен, науқастың диагнозын толық түсінбей, ем жасасан, оны тым ерте ауруханадан шығарсан, салдары өкінішке қарай қайтымсыз болады.

-  2019 жылы сатылымға шыққан «Moxi» медбикелерге көмектесетін робот, болашақта медбикелердің орнын басуы мүмкін деп ойлайсыз ба?

-  Менің ойымша бұл мүмкін емес. Себебі, роботтар медбикелер сияқты науқаспен тіл табысуға жол таба алмайды және керек кезде қолдау көрсетуге қабілетті емес. Moxi роботтары, медбикелерге дәрі тасуға, ноутбук арқылы дәл ақпараттарды көрсетіп, көмектесетін шығар, бірақ толық медбикелердің орнын олар толық баса алмайды. Сонымен қатар, кейбір медбикелер ота жасайтын бөлмеде дәрігердің ассистенті ретінде көмектеседі. Бұл жерде, Moxi роботының бойы да, дағдылары да жеткіліксіз, бірақ мүмкін Moxi-ден да жақсы роботтар шығып, тек қана медбикелерге емес, сонымен қатар дәрігерлерге де зор пайдасын тигізеді.

- Сіз айтып кеткендей, көбінесе медбикелер науқастарға қарайды, оларға күтім көрсетеді, бірақ медбикелердің одан да басқа жұмыс түрлері бар ма?

-  Иә, әрине. Жалпы науқастармен сөйлесетін медбикелер тек әркімнің көңіл- күйін сұрамайды, сонымен қатар олар бүкіл отчетқа жауап береді, таңнан кешке дейін дәрілердің, ампулалардың санын есептеп, әр науқастың хәлін зерттейді, таңда, кеште, түнде капельницаны ауыстырады. Ең бастысы, медбике қанша шаршаса да, әр науқасқа қандай дәрі керек екенін білу керек және олардың дәрі ішу реттілігін есте сақтау қажет. Сонымен қатар, мана айтып кеткенімдей, отаға қатысатын медбикелер де бар, олар - хирургтың оң қолы, тура мағынадағы оң қолы, себебі бұл дәрежедегі медбикелер, ота кезінде дәрігерлерге керек медициналық құралдарды беріп тұрады және оларды зарарсыздандырады. Олар науқастармен емес, медициналық мекеменің мүлкімен жұмыс істейді.

-  Әртүрлі мінезді науқастарға жол табу үшін қандай тәсілдерді қолданасыз?

-  Қанша адам, сонша мінез. Сол себепті, медбикелер өз науқастарының жағдайын түсініп, күлімдеп, сабырлық танытуы қажет. Себебі, сіз әр күн сайын обырмен, асқазандағы ойықпен ауырып қалғаныңызды білмейсіз және әрине оны қаламайсыз. Медбикелер оларды одан әрі әлсіздендіріп, депрессияға ұщыратқысы келмейді, дәрігерлер науқасқа тура ауруы туралы факт айтса, медбекелер оларға қосымша көмек беріп, олардың хәлін сұрап, мұңайттырмайды. Ең басты шарт - науқастарға бауыр баспау, себебі олар қайтыс болып, медбике оған бауыр басып қалса, онда бұл сізге травма, қатты ауыр сезім тигізеді.

-  Жалпы медбикелерге жоғары дәрежелі дәрігерлерден қысым көрсетіледі ме?

- Негізі жоқ, бірақ кейбір жаңа дәрігерлер мен медбикелердің арасында дөрекілік болып жатады. Оған қарамастан, біз тәжірибелі маман ретінде оларға «тәрбие сағат» өткіземіз, себебі әрбір маман арасында құрмет болуы қажет.

- Сұқбат бергеніңізге рақмет.

Тагибергенова Айнур

Алматыдағы Манхэттен тұрғын үй кешенінде бойжеткен 14-қабаттан секіріп кетті «Қазір 200 адам тергеліп жатыр»: секс-құлдықта болған оқушы қыздың анасы мән-жайды ашып айтты Қазгидромет бүгінгі ауа райына байланысты ескерту жасады Қазақстанда АЭС салынатын болды «Ақша керек болды»: Сыйға келген көліктерін сатқан Назым Қызайбайға тағы көлік берілді Қарағандылық келіншек жаңа туған сәбилерін перзентханада екі рет белгісіз ерлі-зайыптыларға сатқан Қазақстанда ұялы байланыс операторларына қойылатын талаптар күшейтілмек Alash Pride лигасының тарихындағы алғашқы әйел чемпион референдумда дауыс берді Астанада ықтимал заңбұзушылықтарды әшкере еткісі келген бақылаушы референдумнан шеттетілді Қазақстандықтардың басым бөлігі қолдаған жағдайда АЭС-ті кімдер салады – Тоқаев жауап берді Америкалықтар асырап алған қазақ қызы өз өзіне қол салып, көз жұмды «Қаһармандар мен халат киген қыз»: Сайлау учаскесіне ерекше киініп келгендер көпті таңғалдырды 95 жастағы Бибігүл Төлегенованың үйіне сайлау жәшігін әкеп берді Референдумда Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді Бетон араластырғышқа құлаған: Қостанай облысындағы зауытта жұмысшы мерт болды Теміртауда тәрбиеші балабақшаға мас күйде балаларға күш көрсеткен (ВИДЕО) Екі жатырлы әйел егіз ұл мен қызды дүниеге әкелді «Аштан өліп барасың ба»: Ақтөбеде подполковник сарбазға жерге түскен кеспені жеуге мәжбүрлеген Олимпиада рекордын қойған Әмір Маймұратов құзға өрмелеуден әлем кубогында жүлдегер атанды Референдумнан соң үкімет құрамы өзгере ме? Тоқаев жауап берді