«1 айға дейін күтім керек»: Танымал әзілкеш Нұрболхан Шараповқа ота жасалды

Аиса Махамбет Редактор
16.02.2024, 14:52
1942
«1 айға дейін күтім керек»: Танымал әзілкеш Нұрболхан Шараповқа ота жасалды бейнежазбадан алынған кадр

Ол операциясын Стамбулда жасатқан.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, танымал актер, әзілкеш, жайдарманшы Нұрболхан Шараповтың денсаулығы сыр берді. Ол Түркия елінде асқазанына ота жасатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Өнер иесінің айтуынша, асқазанының ауырғаны көп жылдан бері келе жатқан мәселесі екен.

“Астың қазаны. Көп жылдан бері мазалайтын. Бүгінде жаныма батып тұр. Ақыры сәтi түсiп, Стамбұлға келiп асқазанға ота жасатып бастадым. Сәтжан бауырым бастаған ақ халатты абзал жандарға алғыстан басқа айтарым жоқ. Ақшам да жоқ! Алла разы болсын! İстерiңе береке берсiн! Сендер болғаннан кейiн ба, уайым болмады. Түрiктiң мықты профессорларының қарауында болдым. Шүкiр!”, – деп жазды актер.

Сонымен қатар отадан кейінгі жағдайын да жариялады. Сол-ақ екен желі қолданушылары өздерін аталған сырқат мазалайтынын жарыса жазып жатыр.

“Ендi 1 айлық күтiм керек. Сосын аттай шауып, құстай ұшып, ешектей жұмыс iстеп, тышқандай тiрнектеп, шошқа құсап тамақты опыра бересiң. Бастысы, күтiмдi ұмытпа дедi”, – деп айтты әзілкеш.

Оқырман қауым актердың тез сауығып кетуін тілеп жатыр. 

“Ауырмаңыз сүйікті жайдарманшым”, “Бұл тұқым қуалайтын ауру сияқты. Әкемізден бастап бәріміздің асқазанымыз ауырады”, “Анамның соңғы кезде асқазаны мазалап жүр” деп жазды оқырман қауым.

Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді