«Үш әріпке 18 миллион теңге»: Көкшетауда құлап қалған жазу үшін Антикор қала әкімдігін тексерді

17.02.2024, 11:13
2858
«Үш әріпке 18 миллион теңге»: Көкшетауда құлап қалған жазу үшін Антикор қала әкімдігін тексерді ашық дереккөзден

Көкшетауда өткен жылы Бұқпа тауының төбесінде жазылған «Көкшетау» жазуының «ТАУ» әріптерін жөндеуге 18 миллион теңге бөлініп, бұл қала тұрғындарының тарапынан үлкен резонанс тудырған.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, мемлекеттік сатып алу арқылы ақыры миллиондар бөлініп, тұрғызылған әріптер жайы өңірдің сыбайлас жемқорлық қызметін де қызықтырып, ведомство қала әкімдігіне кешенді тексеріс жүргізді. Бұл туралы Aikyn.kz порталы жазды. 

Өткен жылдың шілдесінде шаһардың басты ерекшелігі саналатын «КӨКШЕТАУ» жазуының металл құрылымы желді күні құлап соңғы «ТАУ» әріптері күл-талқаны шыққан күйі ұшып кеткен.

Департамент Бұқпа төбесіндегі «Көкшетау» жазуы сәулет формасын қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік сатып алу жұмысына мониторинг жүргізген. 

Бүлінген әріптерді қалпына келтіріп, қалған «КӨКШЕ» жазуын мықтау үшін қала әкімдігіне қарасты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі алғашқыда 18 миллион теңге бөлген. Бірқатар коммерциялық ұсыныстарды зерттегеннен кейін мемлекеттік орган мердігермен бір көзден тәсілімен келісімшарт жасауды ұйғарыпты. Жұмысты орындау құнын тараптар 17,6 миллион теңге деп бағалаған.  Бұл оқиға қоғам тарапынан үлкен резонанс тудырып, келісімшарттың заңдылығына қатысты түрлі сұрақ, күмән көбейді. 

– Мониторинг шеңберінде өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қызмет өкілдері нысанға барып, орнату процесі мен құрылымды монтаждау жұмысын бақылауға алды. Сонымен қатар барлық мүдделі тараптардың қатысуымен кездесу өткізіліп, департамент қалпына келтіру жұмыстарының бағасын төмендету және жазуды жөндеу сапасын қамтамасыз ету қажеттігін көрсетті. Осылайша қала әкімдігі келісімшарт құнын 4 миллион теңгеге жуық төмендетті. Бұл қаражат мәслихаттың сессиясын өткізгеннен кейін қала тұрғындарының әлеуметтік қажеттіліктеріне бөлу жоспарланып отыр, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің баспасөз қызметінен.  

Сонымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер тапсырыс беруші және мердігермен мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуына тексеріс жүргізетін өкілетті органға жүгінді. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды