1031

Маңғыстауда мектеп асханаларына айыппұл салынды

Жоспардан тыс тексеріс арқылы асханалардың былығы ашылды.

Маңғыстауда мектеп асханаларына айыппұл салынды
massaget.kz

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті биылғы оқу жылында мектеп асханаларына жоспардан тыс 5 тексеру жүргізген. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты жазды. 

Оқушылардың тамағына жауаптыларға 1 670 490 теңге көлемінде 4 айыппұл салынды. Ал мектеп асханаларының өздеріне сот шешімімен 60 375 теңге айыппұл салынды.

– Прокуратураның талабы бойынша 4 асхана тексерілді. Тамақ өнімдерінің сынамалары санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін алынды. Сондай-ақ олар ата-аналардың арыз-шағымдары бойынша азық-түлік сапасына тексеру ұйымдастырды, деді Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асылбек Шаров.

Енді айыппұл салынған асханалар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында болады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор