«Туризм осылай өліп жатыр»: Екібастұзда коммуналдық апаттан кейін пайда болған ерекше мұздық сүрілді

Аиса Махамбет Редактор
17.02.2024, 14:48
967
«Туризм осылай өліп жатыр»: Екібастұзда коммуналдық апаттан кейін пайда болған ерекше мұздық сүрілді жеке Instagram парақшасынан

16 ақпанда әлеуметтік желіде экскаватордың мұзды жарып жатқаны туралы видео пайда болды.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Екібастұз маңында коммуналдық апаттан кейін пайда болып, жергілікті көрнекті орынға айналған көпқабатты мұздық үңгір сүрілді. Тұрғындар ерекше орынның қиратылғанына наразы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Коммуналдық апаттан соң пайда болған бұл биік мұздық үігір Екібастұз бен оған жақын орналасқан ауылдардың тұрғындарын ғана емес, барша қазақстандықтардың қызығушылығын тудырды. Көпшілік түсініксіз күйде пайда болған ғажайыптың алдында және ішіне кіріп суретке түсуге асықты.

Алайда 16 ақпанда әлеуметтік желіде экскаватордың мұзды жарып жатқаны туралы видео пайда болды.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалалық су арнасы көрікті нысанды бұзу туралы шешім қабылдаған.

"Мұзды Екібастұз қалалық су арнасының жұмысшылары сүріп тастады. Өйткені адамдар суретке түсіп, ішке кіре бастады. Қауіпсіздік мақсатында мұздық жойылды", - деп түсіндірді Екібастұз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Коммуналдық қызметтердің мұндай қатаң шешімі әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Түсініктемелерде біреулер фотосессияға баруға уақыт таппағандарына өкінсе, басқалары коммуналдық қызметкерлердің бұл әрекетін қызғаныш деп әзілдеді.

"Адамдар селфи жасамау үшін", "Екібастұзда туризм осылай өліп жатыр", "Су кеткен кезде осылай тез әрекет жасамайтын еді", "Желтоқсаннан қаңтарға дейін су тәулік бойы ағып жатты", " Блогерлер болмаса, қалалық су арнасы мұздық туралы білмес те еді", – деді пікір білдірушілер.

Кейбір желі қолданушылары келесі жылы балалардың көңілін көтеру үшін қалалық саябақтардың бірінде осындай бюджеттік үңгір салуды ұсынды.

Бұған дейін қазақстандық журналист Асхат Ниязов Instagram желісінде мұздық туралы видео жариялаған еді. 

Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО)