Астанада жас жігіт бұрынғы сүйіктісін ұрлап кеткен

Аиса Махамбет Редактор
17.02.2024, 18:10
3004
Астанада жас жігіт бұрынғы сүйіктісін ұрлап кеткен бейнежазбадан алынған кадр

Қыз ұрлағандардың бірі бойжеткеннің ауылдасы болып шыққан.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Астанада жас жігіт бұрынғы сүйіктісін алып қашқан. Ер адам бойжеткенді тұрғын үйдің ауласынан көлікке күштеп отырғызып, Түркістан облысына әкетпек болған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жас жігіт қаладан шықпай жатып ұсталды. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі жазды.

«102» пультіне 20 жастағы қызды өз еркімен «Daewoo Nexia» автокөлігіне отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткені туралы хабарлама түскен.

Қоңырау шалушының хабарлауынша, кешкі уақытта туысы екеуі жұмыстан қайтып келе жатқанда тұрғын үйдің ауласында оларға көлік жақындап келіп, ішінен төрт жігіт түсіп, әпкесін күштеп көлікке отырғызып алып кеткен.

Қыз ұрлағандардың бірі бойжеткеннің ауылдасы болып шыққан. Бұрын олар қарым-қатынаста болған, бірақ көп ұзамай аралары алыстап кеткен.

Көлік пен ұрланған қызды іздеу үшін «Ұстау» жоспары енгізілді. Бірден жедел ізіне түскен полицейлер күдіктілер тізгіндеген қыз отырған көлікті  тоқтатты. Белгілі болғандай, жігіттер оны Түркістан облысына апармақ болған. Бірақ ауа райының қолайсыздығынан қаладан шыға алмаған деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.

Қазіргі уақытта адамды бас бостандығынан заңсыз айыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)