918

Семейде балабақшадан өрт шықты (фото, видео)

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Семейде балабақшадан өрт шықты (фото, видео)
qr_tjm

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, бүгін, 17 ақпанда кешкі уақытта Семейдегі балабақшалардың бірінен өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ Telegram-арнасы жазды. 

"17.37-де Абай облыстық ТЖД-нің 101 пультіне Семей қаласы Павлов көшесіндегі балабақшада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Келгеннен кейін балабақшаның 2-қабаты ашық жалынмен жанғаны анықталды", - делінген ТЖМ хабарында.

Өрт 18.05-те оқшауланды. Алдын ала алаң және өрттің себебі анықталып жатыр. Өрт орнында жеке құрамның 37 адамы, 9 техника жұмыс істегені хабарланды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор