Закиева: Ұлытау облысында асырап алған балаларды құл ретінде ұстаған

Аиса Махамбет Редактор
18.02.2024, 12:12
1504
Закиева: Ұлытау облысында асырап алған балаларды құл ретінде ұстаған ашық дереккөзден

5 жыл бойы фермада еңбек еткен балалар "құлдықта» болған.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Ұлытау облысында патронаттық отбасы балалар үйінің үш тәрбиеленушісін бес жыл бойы құлдықта ұстаған. Бұл туралы балалар омбудсмені Динара Зәкиева мәлімдеді.  

"5 жыл бойы фермада еңбек етіп, "құлдықта" болған балаларға, Ұлытауға барып келдім. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, прокуратура, ІІМ-мен аталмыш істің мән-жайы мен қажетті шараларды зерделедік", - деп жазды Зәкиева әлеуметтік желіде.

Бұл факт ақпанның басында облыстық прокуратура мен қамқоршылықтың мобильді топтарының тексерісі нәтижесінде анықталған. Патронаттық отбасы бір отбасынан шыққан үш бала - 1 қыз және 2 ұлды балалар үйінен 2018 жылы, балалар 14, 12 және 8 жаста болғанда алған. Балалардың үлкендерін қаладан 20 км қашықтықтағы өз фермаларында ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген.

Фермада екі үйір жылқы және 18 сиыр бар. Фермаға барып, комиссия мүшелері балалардың өмір сүру жағдайларын көріп, шошиды. 

"Денелері көгерген, әрі тыртыққа толы, жүп-жүдеу, шаршаған, аш, көздерінде жалын жоқ, кір-қожалақ, киімдері жыртық. Қамқоршы балаларды қорлап, ұрып, азаптап, құлдай жұмсап, 5 жыл бойы балаларға жәрдемақы алып келген", - дейді балалар омбудсмені.

Балалардың үлкені – қыз, колледжді бітірген, алайда іс жүзінде сабаққа бармаған. Ортаншы ұл бала колледжде "оқиды". Органдар оқу орындарын тексерсе, оларға үнемі балалардың ауырғаны туралы анықтамалар ұсынылып отырған екен. Қамқоршы қыз баланы жұмыс істемесең, не шағымдансаң, бауырларыңды көрмейсің деп қорқытқан.

Белгілі болғандай, бұл қамқоршы жақында патронатқа алуға болатын басқа да балалар бар ма деп сұрастырған екен. Қылмыстық іс тіркелді, сараптамалар жүргізілуде.

Қазір балалар бірге қауіпсіз жерде. Оларға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Облыс әкімі балаларға қолайлы жағдай жасау, көмек көрсетуді, балардың қайда тұратынын, қайда оқитынын жеке бақылауға алды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді