Қазақстандық педагогтер 3D-модельдеу және робототехника бойынша білім алуда

18.02.2024, 15:09
1133
Қазақстандық педагогтер 3D-модельдеу және робототехника бойынша білім алуда gov.kz

Тренинг соңында финалдық турнир өтеді.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында STEM мұғалімдеріне арналған 3D-модельдеу және робототехника бойынша тегін тренинг басталды.

«200 мектеп мұғалімі апталық оқудан өтеді. Олар үшін 3D модельдеу және робототехника негіздері оқытылады. Сондай-ақ жобаларды құру және іске асыру үшін Autodesk 123D Design бағдарламасын пайдалану үйретіледі. Менторлық пен тренингті информатика, робототехника және 3D-модельдеу саласындағы сарапшылар, оның ішінде мұғалімдер, университет оқытушылары және робототехника клубтарының басшылары жүргізеді», - деп атап өтті «Дарын» РҒПО директорының орынбасары Айгүл Қарқұлова.

Тренинг соңында финалдық турнир өтеді. Онда қатысушылардың жетістіктері мен шығармашылық жұмыстары көрсетіледі. Мұғалімдер оқушылармен бірге командалар құра отырып, өз жобаларын ұсынады.

Жоба Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен және ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» РҒПО-мен ынтымақтастықта ұйымдастырылды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды