«Талақ» пен «ажырасамын» сөзі бір мағынаны білдіре ме – ҚМДБ жауабы

Аиса Махамбет Редактор
18.02.2024, 16:15
1110
«Талақ» пен «ажырасамын» сөзі бір мағынаны білдіре ме – ҚМДБ жауабы ашық дереккөзден

Мүфтият екі сөздің мағынасын ажыратып берді.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, «талақ» пен «ажырасамын» сөздерінің мағынасы бірдей ме? Бұл сұраққа ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі жауап берді.

Талақ – араб тілінде «жіберу, бос қою» дегенді білдіреді. Ал шариғаттағы мағынасы: «Ол – арнайы сөздермен некелік одақты бұзатын шариғи үкім».

Талақ екіге бөлінеді:

1. Сарих (ашық) айтылған талақ. Бұл ешқандай ниетке қаралмайтын, міндетті түрде әйеліне қаратылып ашық айтылатын талақ. Мысалы «Сен талақсың!», «Сен талақ етілгенсің!» деген сияқты «талақ» сөзінен алынған мағыналас сөздермен болуы керек.

Ханафи мәзһабында ерлі-зайыптылардың арасындағы некелік одақты бұзуға ғана қолданатын сөздер «сарих (ашық түрде айтылған) талақ» болып саналады. Имам әз-Зәйлағи: «Сарих – негізгі мағынасы ашықталған, тіпті мұрат-мақсаты айқындалған сөз, яғни тура немесе астарлы мағыналы болса да тыңдаушы бір есіткеннен түсінетін сөзге айтылады».  

2. Киная (астарлап айтылған) талақ. Бұған талақты да, басқа мағыналарды да өз ішіне сыйдыра алатын сөздердің барлығы жатады. Сондықтан бұл сөздер айтылған кезде ниет талақ болған болса ғана талақ түседі, ал ниет талақ болмаса түспейді. Мысалы, ері әйеліне «үйіңе бар» дейтін болса, бұл сөз «ата-анаңды зиярат етіп қайт» немесе «ажырастым, үйіңе кет» деген мағынаны білдіруі мүмкін.

Сондықтан қазақ тілінде ажырасу некені бұзуға арналған сөз болғандықтан талақ сөзімен мағынасы бір саналады.  

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды