ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Жапонияның Нагоя университеті медициналық кадрларды даярлау туралы келісті

Аиса Махамбет Редактор
18.02.2024, 17:26
726
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Жапонияның Нагоя университеті медициналық кадрларды даярлау туралы келісті gov.kz

Жапония мен Қазақстан медицина саласында тәжірибе алмаспақ.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Денсаулық сақтау министрлігінің Нагоя университетінің (Жапония) профессоры Эйко Ямамото ханыммен кездесуі  шеңберінде денсаулық сақтау жүйесі үшін кадрлық әлеуетті арттыру және медициналық білім беру саласындағы әріптестікті кеңейту саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

"Жапониямен, Сіздің еліңіздің Қазақстандағы елшілігімен бұрыннан келе жатқан достық қарым-қатынастарды ескере отырып, біз сіздің прогрессивті тәжірибеңіз бен біліміңізді қабылдау үшін жас дәрігерлерді, жаңа формациядағы денсаулық сақтау менеджерлерін даярлау ісінде әріптестіктің жаңа деңгейіне шығуға дайынбыз", - деп атап өтті министр.

 Профессор Эйко Ямамото денсаулық сақтаудың жас көшбасшылары бағдарламасының шеңберінде  бір жылдық оқу бағдарламасы туралы айтты.

"Бұл мемлекеттік қызметке, әсіресе Азия елдері министрлігінің қызметшілеріне, соның ішінде Қазақстанға арналған магистратура мамандығы бойынша бағдарлама. Бұл бағдарлама 20 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырылып келеді, бағдарлама қоғамдық денсаулыққа бағытталған, тек оқыту сегменті ғана емес, сонымен қатар Жапонияның денсаулық сақтау жүйесінің қалай жұмыс істейтінін және пәрменділігін көру үшін ауруханаларға, госпитальдарға, дәріханаларға және басқа да медициналық ұйымдарға бару сегмегті де бар", - деді Ямамото ханым.

Кездесуді қорытындылай келе, министр әр өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, пул - жастар кадрлық резерві құрылатынын атап өтті.

Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді Адвокаттар Қаржаубай Нұрымовқа 120 млн теңге көлемінде моральдық шығын өтеуді сұрады «Атпен сүйреп, атып тастады»: Ер адам әйелін сыныптастарымен кездескені үшін өлтіріп тастады Нұрлан Еспанов келін түсірді (ВИДЕО) Ақтөбеде көпбалалы ана 2 айлық сәбиінің өліміне кінәлі боп шықты 299 баланы наркоз арқылы зорлаған хирург 20 жылға сотталды Түркістанда 12 жастағы оқушыны сыныптасы қылқындырып өлтірген АҚШ соты Трамп енгізген кедендік баждардың көпшілігін заңсыз деп таныды