Екінші деңгейдегі банк жеңілдікпен қаржыландыратын пулға 275 млрд теңгеге 89 аграрлық жоба енгізілді

18.02.2024, 19:38
990
Екінші деңгейдегі банк жеңілдікпен қаржыландыратын пулға 275 млрд теңгеге 89 аграрлық жоба енгізілді gov.kz

2024 жылғы 10 ақпандағы жағдай бойынша Halyk Bank 275 млрд теңге болатын 89 жобаны іріктеп алды.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте Halyk Bank, Қазақстанның Даму банкі, Аграрлық несие корпорациясы, Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері жеңілдікпен қаржыландыру үшін жобаларды іріктеудің аралық нәтижелерін талқылады. 

2024 жылғы 10 ақпандағы жағдай бойынша Halyk Bank 275 млрд теңге болатын 89 жобаны іріктеп алды. Бірінші кезеңде компания иелерінің іскерлік беделі, олардың жобаларды іске асырудағы тәжірибесі, салалық ерекшеліктер, өңірлердің нақты өнім түрлерімен қамтылуы сараланды. Аграрлық несие корпорациясы және Қазақстанның Даму банкі желісі бойынша жеңілдікпен қаржыландырылатын жобалар пулы екінші деңгейдегі банк портфеліне енген жобаларды ескере отырып қалыптастырылатын болады. Қаржыландыру тетіктері пысықталып жатыр. Әлеуетті жобалар қатарында 88 млрд теңгеге 49 жоба бар.

Еске сала кетсейік, өткен жылдың соңында Ауыл шаруашылығы министрлігі Halyk Bank және Бәйтерек холдингінің АӨК қаржы институттарымен ынтымақтастық аясында қаржыландырылуы мүмкін 500 жобадан тұратын портфель қалыптастырды. Бұл жобалар негізінен АӨК-ті дамытудың басым бағыттары – тауарлы сүт фермалары, көкөніс қоймаларын салуға, мал шаруашылығын дамытуға, дәнді дақылдарды, ет, жемістер мен көкөністерді қайта өңдеуге бағытталған.

Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалануды ескере отырып, қарыз алушы АӨК субъектісі үшін түпкілікті мөлшерлеме жылына 6%-дан аспайтын болады. Негізгі шарттардың бірі – ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың талаптарына сәйкес келетін жобаларды үздіксіз қаржыландыру.

Сонымен қатар Серік Жұманғарин қаржы институттарына айналым капиталын қаржыландыруды қарастыруды ұсынды. Бұл көктемгі егіс жұмыстары және арзандатылған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің өндірісі үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау құралы.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды