"Ұят екен бір күйеуден ажырасып, тағы күйеуге тиген": Жеке өміріне қатысты бұрын-соңды айтылмаған құпиясымен бөліскен Мөлдір Әуелбекова ұятқа қалды

19.02.2024, 16:52
1261
"Ұят екен бір күйеуден ажырасып, тағы күйеуге тиген": Жеке өміріне қатысты бұрын-соңды айтылмаған құпиясымен бөліскен Мөлдір Әуелбекова ұятқа қалды moldir.auyelbekova

Талантты әнші, эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова алғаш рет екі күйеуі жайлы құпиясымен бөлісті. Өнер иесі жан сырын желідегі парақшасында ақтарған.

Caravan.kz медиа порталының мәліметінше, оқырмандардың сұрағына жауап берген әнші, екі күйеуінің де өзі мен балаларын асырап, баққан емес екендігін ашып айтты. 

"Менің жағдайым басқаларға қарағанда өзгешелеу. Екі күйеуім де мені асырап, баққан жоқ. Яғни, мен ақшалай тәуелді болмадым. Сол себепті, маған күйеусіз ары қарай өмір сүріп кету қиын болмады. Оның үстіне бірінші күйеуіммен толыққанды бірге тұрмадым. Ол жұмыс бабымен басқа қалада тұрды. Мен енеммен басқа қалада тұрдым.

Екіншісімен жеті ай ғана тұрдым. Екеуінде де, босана сала 20 күннен соң жұмысқа шықтым. Өзіме өзім қолдау болдым. Үйде, толыққанды декреттік демалыста отырған әйел болмадым. Сол үшін де маған ажырасуды бастан өткізу жеңілірек болды. Түбегейлі жұмысқа кірісіп, күйзелістен оңай шықтым. Оның үстіне жанымда ата-анам қолдаушы болды. Сол үшін де ажырасу кезеңіндегі қиындық әр отбасы болатын жағдайға байланысты", - деді әнші.

Десе де көпшілік әншінің бұл жауабын қатаң сынға алған. Олар: 

"Ол тек сылтау! Мен тәуелді болмаймын оның айлығына деп риза болмай сахнаға шығамын, гастрольге тойға барып тыңдамай кетіп қалғанын!", "Қатын бастан бала жастан деген осы. Жігіттер ақша көріп, ақша ұстап қалған қатыннан сақ болыңдар! Ұзакка бармайсыңдар", "Ұят екен күйеуден ажырасып, тағы күйеуге тиіп, күйеулері асырамады деп жамандағаны дұрыс емес, бұрынғы апа-әжелеріміз мықты болған екен, күйеуі қайтыс болса да 8-10 бала-шағасын жалғыз бағып,оқытып, күйеуге тиюді ойламаған" деген пікірлерін жаудырып жатыр. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды