"10 секундтық сахна үшін 800 мың теңге бердік":"Жездуха" киносына түскен ең қымбат актер кім

19.02.2024, 18:19
1913
"10 секундтық сахна үшін 800 мың теңге бердік":"Жездуха" киносына түскен ең қымбат актер кім "Жездуха" фильмі

Әлеуметтік желіде танымал болған “Жездуха” фильмінің толықметрі үлкен экранға жол тартты. Бұл туралы “Хабарlike” бағдарламасында айтты.

Жобаның авторлары – “Миллион” командасы. Stan.kz ақпарат агенттігінің мәліметінше, олар фильмге қанша қаражат жұмсап, ең қымбат қаламақы алған актердың атын атады. 

“Арқадан ауыр жүк түскендей күйде жүрміз. Бір жағы қуанамыз. Одан кейін уайым да басым. Жасаған дүниеміз елдің көңілінен шығар ма екен?” деген күдік те бар. Енді ғана үлкен экранға жол тартты ғой, бастамасы жаман емес секілді. Шымкенттіктерге ұнады деп естіп жатырмыз. Өнер ордасы Алматы мен Астана қалай қарсы алады екен?!. Толықметрлі фильм түсіру идеясын көрерменнің өзі ұсынды. 170 миллион теңгеге түсірдік. 70 миллионды қарызға алдық. Бизнесте жүрген ағаларымыз демеуші болды”, – деп ағынан жарылды команда мүшесі Қанат Тасхан. 

Сонымен қатар, фильмге түскен гонарары ең қымбат актердың атын атады. 

“10 секундтық сахна үшін Тұңғышбай Жаманқұловқа 800 мың теңге бердік. Түсірілім бас-аяғы 30 минутқа созылды. Ол фильмде 10 секундтық көрініс болды. Қанша жылдан бері өнерде жүрген адам болғасын, қанша теңге айтса да, беруге дайын болдық. Ең қызығы, сол ағамыздың айтқан әзілінде халық қатты күлді. Фильмге ат салысқан барлық әртісті ренжітпеуге тырыстық. Салтанат Серкебаеваға 1 миллион 800 мың теңге төледік, Нышанбек ағамыз 2 миллион теңгеден жоғары алды. Өйткені ол кісінің түсірілім алаңындағы күні көп болды”, – деп жауап берді жоба авторлары.  

Ерке Есмаханның тұңғышы АҚШ-қа аттанды Трамп: «Мен Хаменейді масқара әрі ауыр өлімнен құтқардым» «Мен бәрін тоқтаттым»: Төреғали Төреәлі сахнадан кетті Иранда генералдар мен ядролық ғалымдар жерленді Ақтөбеде ер адам немересімен бірге суға батып кетті 5 жасар қыз баланы зорлаған 70 жастағы қария ұсталды Дәретханада қаза болған Мирас Мәлік оқыған мектептің директоры жұмысына қайта оралды Енді Америкада дүниеге келген сәбилерге автоматты түрде азаматтық берілмейді Алматыда тұрғындар көршісінің «балконнан боқ төгетінін» айтып шағымданды «Ерлі-зайыптының мәйіті табылды»: Ресей Одессаға соққы жасап, адамдар қаза тапты Үкімет Арқалықтағы жылу желілері жаңартуға 250 млн теңге бөлді Еуропа түгел отқа орануы мүмкін: Бірқатар елдерді бұрын-соңды болмаған аптап ыстық жайлады Қыз ұзатуға келген қонақтардың жаппай улануына байланысты қылмыстық іс қозғалды Путин Украинамен келіссөздердің үшінші кезеңіне дайын екенін жеткізді Журналистерге Президент пәтер берді «Канада сес көрсетті»: Трамп Канадамен сауда келіссөздерін тоқтатты Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады? Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр?