908

Ақмола облысында мас күйінде рульге отырған әкім ұсталды

Ақмола облысында мас күйінде рульге отырған тағы бір әкім сот үкімімен 15 тәулікке қамалды.

Ақмола облысында мас күйінде рульге отырған әкім ұсталды
Виктор Федюнин/Kazinform
 

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Зеренді аудандық сотында Викторовка ауылдық округі әкіміне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-бөлігі). Ер адамға алкогольдік ішімдік ішіп рульге отырғаны үшін айып тағылды.

«Сотта ер адам кінәсін мойындады. Сонымен қатар, оның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, жеңіл дәрежелі алкогольдік мас болуды анықтаған медициналық куәландыру қорытындысымен, өзін түсіндіруі және мойындауымен расталды. Сот қаулысымен оған 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру және 15 тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды», - деді ведомстводан.