"Майқайыңалтын" кен байыту фабрикасы жұмысын тоқтатты

20.02.2024, 09:15
1007
"Майқайыңалтын" кен байыту фабрикасы жұмысын тоқтатты ТЖМ

Фабриканың тоқтауына қалдық қоймадағы шикізаттың таусылуы себеп болған. Ал алтын кенішіндегі жұмыстар апат болған күннен бері тоқтап тұр.

Бүгінгі таңда «Майқайыңалтын» АҚ-да штаттағы қызметкерлер саны 933 адамды құрап отыр. Оның ішінде 143 адам жыл сайынғы еңбек демалысында, 30 қызметкер бала күтіміне, 42 қызметкер уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты демалыста. Тағы 5 ер азамат ҚР Қарулы Күштері қатарында әскери борышын өтеп жүр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, кеніштегі апат пен оның маңындағы үйлердің мәселесін прокуратура құрған тергеу тобы зерделеп жатқанына байланысты шахтадағы кен қазу жұмыстары 4 қаңтардан бері қаңтарылып тұр.

Соған байланысты бүгінгі таңда жалақысының 50%-ы төлене отырып 153 қызметкердің жұмысы тоқтап тұр. Олар - шахтаның 109 қызметкері және тау-кен техникасы учаскесінде жұмыс істейтін 44 адам.

Енді осы аптаның ортасынан, яғни 22-23 ақпаннан бастап алтын кенішіне қарасты кен байыту фабрикасының да жұмысы уақытша тоқтайды.

Бұл туралы Павлодар облысы еңбек басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абылай Сабыров хабарлады.

- «Майқайыңалтын» АҚ жұмыс берушісінің ауызша түсіндірмесіне сәйкес, қазіргі уақытта кәсіпорын фабрика жұмысын тоқтатуға дайындық жүргізіп жатыр. Шамамен биылғы жылдың 22-23 ақпанынан бастап тоқтатылады деп жоспарлануда. Бұл ретте кәсіпорын қызметкерлеріне жалақысының 50%-ы төленетін болады. Жұмысы уақытша тоқтатылатын қызметкерлердің саны туралы ақпаратты кәсіпорын пысықтау үстінде. Нақты санын «Майқайың-алтын» АҚ басшылығы осы аптаның соңына дейін хабарлауы керек. Жұмыс берушінің ақпараты бойынша қызметкерлерді толық жұмыстан босату мәселесі қарастырылмаған. Фабрика биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап қайтадан іске қосылады,-дейді А.Сабыров.

Белгілі болғандай, фабрика 4 қаңтарда шахта жұмысын тоқтатқанына байланысты қалдық қоймадағы шикізатты пайдаланып келген. Кеніштегі апаттың себеп-салдары толық зерделеніп біткенше шахта жабық болады. Соған сәйкес фабрика да өз жұмысын жалғастыра алмауда.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды