Солтүстікте халық саны азайып барады – Мәулен Әшімбаев

20.02.2024, 14:29
1032
Солтүстікте халық саны азайып барады – Мәулен Әшімбаев azattyq-ruhy.kz

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгінгі Үкімет сағатында елдегі демографиялық жағдай туралы айтты.

– Біріккен Ұлттар Ұйымы ортамерзімді уақытта Орталық Азия өңірінде қала халқының өсуі жалғаса береді деп болжап отыр. Әрине, бұл үрдіс қалаларда жұмыспен қамтудың және баспананың қолжетімділігін қамтамасыз етудің өзектілігін арттыра түседі. Ауылдық аумақтарды да дамытуды ұмытпауымыз керек. Ауылдарда адам санын сақтап қалу  – стратегиялық мақсат. Осы тұрғыдан келген кезде, «Ауыл аманаты» бағдарламасы өзінің тиімділігін көрсетті. Шағын несиелердің арқасында ауылда 12 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, – деді Әшімбаев.

Сенат Төрағасы ауылдық жерлерде денсаулық сақтау саласын дамыту мәселесі өте маңызды екенін атап өтті.

– Қазір  «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алайда жекелеген өңірлерде қаражаттың уақытылы игерілмеу фактілері байқалады. Осыған байланысты Ұлттық жобаға, Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасына және өңірлік дамудың басқа да жоспарларына енгізілген іс-шаралардың сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету қажет, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Әшімбаев кейбір өңірлерде әлеуметтік-демографиялық және экономикалық теңгерімсіздік сақталып отырғанын айтады.

– Бүгінде оңтүстік, батыс аймақтарда және мегаполистерде халық саны айтарлықтай өсіп келе жатыр. Ал  солтүстік аймақтарда, керісінше, азаю үрдісі байқалады. Соңғы жылдардың ішінде Солтүстік Қазақстан (-22,43%), Павлодар (-5,76%) және Қостанай (-8,3%) облыстарында халық саны азайған. Бұл ретте оңтүстіктен солтүстікке ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы күтілген нәтижені бермегенін мойындауымыз керек. Осы орайда қазір Сенатта қаралып жатқан Көші-қон туралы жаңа заң еңбек ресурстарының мобильділігін арттыру үшін жаңа ынталандыру шараларын қарастырады деп сенеміз. Осы бағытта басқа да іс-шараларды жүзеге асыруымыз қажет, – дейді ол.

Әшімбаев демографиялық жағдайды ескере отырып, әлеуметтік, транспорттық және инженерлік инфрақұрылымды тиісті деңгейде дамытуымыз керегін айтты.

– Азаматтарымыздың жан-жақты дамуы үшін сапалы, экологиялық орта қалыптастыру да маңызды іс. Қазіргі таңда еліміздің демографиялық дамуына байланысты осындай мәселелер бойынша тиімді ведомствоаралық іс-қимылды арттыру қажеттілігі туындап отыр. Бұл бағытта проблемалар да жоқ емес. Бүгін осы және басқа да мәселелерді қарастырамыз. Жалпы, елдің теңгерімді демографиялық дамуы – бәсекеге қабілеттілік факторларының бірі. Әділетті Қазақстан құру, ең алдымен, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Еліміздің демографиялық саясатының басты мақсаты – осы. Сондықтан осы жолда бәріміз бірлесіп, дәйекті түрде жұмыс істеуіміз керек, – дейді Әшімбаев. 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды