1149

Астанадағы алып сағаттың жабдықтарын ұрлағандар табылмай жатыр

2019 жылдан бері Есіл жағалауындағы алып сағат жұмыс істемей тұр. Оның тоқтау себебі – сағаттың энергиямен жабдықтау кабельдері мен басқа да керек-жарақтарын ұрлап кеткен.

Астанадағы алып сағаттың жабдықтарын ұрлағандар табылмай жатыр
gov.kz
 

Kazinform хабарлауынша, Полиция департаментінің хабарлауынша, қылмыстық істі «Есіл» ауданының басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша «Жастар сарайы» директорының өтініші негізінде қозғаған.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі бойынша қылмыстық іс жүргізу ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 45-бабы 7-бөлігі 1-тармағының негізінде, яғни қылмыс жасаған адамның табылмағаны үшін тоқтатылды. Бұл шешім Астана қаласының «Есіл» ауданының прокуратурасымен келісілді. Сонымен қатар күдікті адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс - шаралары жалғасып жатыр», - делінген қалалық полицияның Kazinform агенттігінің сауалына берген жауабында.

Өз кезегінде қалалық Урбанистика орталығы техникалық зерттеу жүргізу және субұрқақты іске қосу үшін жеке компанияларды тарту мәселесін қарастырғанын хабарлады.