BU ғалымдары: Қытайдағы ғылыми тағылымдама

21.02.2024, 20:25
744
BU ғалымдары: Қытайдағы ғылыми тағылымдама gov.kz

Baitursynuly University ғалымдары ауылшаруашылық дақылдарының ауруға төзімділігінің генетикалық қорын анықтау және жасаумен айналысуда. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Қауымдастырылған профессор Әсия Ансабаева және «Агрономия» білім беру бағдарламасының 1 курс докторанты Меруерт Меделбек жетекші профессор ғалым Вайзинг мырзамен бірге Солтүстік-Батыс A&F университетінің Қытай халықаралық зертханасында өз зерттеулерін жүргізуде.

BU меморандумға қол қойған Солтүстік-Батыс A&F университеті Аспан асты мемлекетінің ең танымал университеттерінің бірі ретінде Ұлы Ағылшын Энциклопедиясына енгізілген. Университет өсімдік және мал шаруашылығы салаларындағы қолданбалы зерттеулердегі ғылыми жетістіктерімен танымал, ал профессор Вайзингтің есімі жоғары дәрежелі ғылыми журналдарда жиі аталады.

Қостанайлық ғалымдар NWAFU университетінің ғалымдарымен бірлесе отырып, докторлық диссертацияға негіз болатын бірқатар зерттеулер жүргізді. Ал қытайлық ғалымдар картоп өсіру технологиясын, селекциясы мен жаңа сорттарды жасау әдістемесін жетілдіру бойынша тәжірибелерімен бөліседі. Бұл тәжірибе қазақстандық ғалымдарға пайдалы болмақ, өйткені жақын арада Baitursynuly University базасында тәжірибелік алқаптарда ауыл шаруашылығы дақылдарының, әсіресе картоптың жаңа сорттары өсірілетін ауыл шаруашылық орталығы ашылады.

«Салыстырмалы түрде қысқа мерзімде біз вируссыз тұқым өндіру технологиясы және картоп селекциясы бойынша зерттеулер жүргіздік. Картоп өсімдіктерін клондау техникасымен, картоп сорттарының инфекциясын диагностикалау және картоп өсіру технологиясымен таныстық.Ғылыми жұмыстарға толықтай қатысып, жаңа білім алуымыз үшін барлық жағдайды жасаған қытайлық әріптестеріме алғыс айтқым келеді», – дейді профессор Әсия Аңсабаева.

Еске салайық, Baitursynuly University мен Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университеті (NWAFU) арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге өткен жылдың қыркүйек айында қол қойылған болатын. Екі университет тарапы келісімді жүзеге асыруға бірден кірісті: университеттер ынтымақтастықтың барлық бағыттарын бейнелейтін Жол картасын әзірледі, басты бағыттың бірі – докторанттармен қоса жұмыс жасау.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды