«Ол Салтанатты жақсы көрді»: адвокат Қуандық Бишімбаевтың өз кінәсін мойындамайтынын айтты

Аиса Махамбет Редактор
22.02.2024, 15:59
1924
«Ол Салтанатты жақсы көрді»: адвокат Қуандық Бишімбаевтың өз кінәсін мойындамайтынын айтты ашық дереккөзден

Elmedia youtube арнасына сұхбат берген Бишімбаевтың қорғаушысының айтуынша, Салтанаттың денесінде ауыр жарақат іздері болмаған.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованың өліміне күдікті ретінде қамауға алынып, ісі сотқа жолданған еді. Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Назкен Кусаинова оның әлі күнге дейін қайғыдан қан жұтып, жазатайым оқиға болғанын алға тартып отыр. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі жазды.

Elmedia youtube арнасына сұхбат берген Бишімбаевтың қорғаушысының айтуынша, Салтанаттың денесінде ауыр жарақат іздері болмаған.

Қуандық Бишімбаев кісі өліміне қатысты кінәсін мойындамай отыр. Әлі күнге дейін болған нәрсеге сене алмай отыр. Әлі күнге дейін Салтанатты жақсы көреді және ол туралы тек жақсы пікірде. Қайрат Нүкенов (Салтанат Нүкенованың ағасы) айтқандай, жәбірленуішінің денесінде ауыр жарақаттар болған жоқ. Басының қаңқасы сау болды, ол миына қан құйылып қайтыс болған, - дейді адвокат Назкен Кусаинова.

Сондай-ақ адвокат Салтанат Нүкенова басындағы гематомалардың кесірінен қайтыс болған дейді.

Салтанаттың созылмалы субдуральды гематомасы болған. Ол осы себепті қайтыс болған. Кешіріңіздер, біздің қорқауымыздағы Қуандық Бишімбаев Салтанаттың басында гематома пайда болғанын білмеген. Олар сөйлесіп, күні бойы бірге жүрген. Иә, екеуара келіспей қалған шығар. Төбелес болмаған. Ол (Қуандық Бишімбаев) мұны қайғылы жағдай деп Салтанаттың өліміне әлі күнге дейін сене алмай отыр. Ол әлі күнге дейін қайғырып, жылап отыр. Өз-өзіне келе алмай жатыр. Отбасында осындай жағдай болғанына сене алмай отыр, - дейді адвокат Назкен Кусаинова.

Айта кетейік, Павлодардың экс-әкімі Қайрат Нүкенов экс-министр Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан қарындасы Салтанат Нүкенованың өлімінеқатысты ақпарат айтқан еді.

Мәйітті жуған кісілер мұндай жарақаттарды, дененің көгерген тұстарын бұрын-соңды көрмегенін айтады. Ол інісін шақырып, қарындасымыздың көз жұмғанын күтті деген болжам бар. Ол бөлмеге бірнеше рет кіріп, оның өлгенін тексерген, өлгеннен кейін ғана жедел жәрдем шақырған, - деді Қайрат Нүкенов. 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады