Ерекше балаларға арналған колледжде мерзімі өткен азық-түлік пен дәрі-дәрмек қолданылған

Аиса Махамбет Редактор
22.02.2024, 16:23
793
Ерекше балаларға арналған колледжде мерзімі өткен азық-түлік пен дәрі-дәрмек қолданылған yandex.kz

Колледж басшылығы ұзақ жылдар бойы заң бұзып келген.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Түркістан облысының прокурорлары мүгедектігі бар 80 колледж студенттерінің құқықтарының бұзылғанын анықтады. Бұл туралы BAQ.KZ жазды.

Түркістан облысының прокуратурасы Кентау қаласында орналаcқан «Арнаулы кәсіптік колледжде» оқитын 80 ерекше баланың құқықтары өрескел бұзылғанын анықтады. Бұл колледж - еліміздегі жалғыз мамандандырылған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту және білім беру қызметтерін ұсыну үшін құрылған мекеме.

Прокурорлық тексерістің арқасында колледж басшылығы ұзақ уақыт бойы заңнама талаптарын бұза отырып, ерекше студенттерді мемлекеттік қызметтермен тиісінше қамтамасыз етпегені анықталды.

«Сапасыз білім берудегі бұзушылықтар, оқытушылар құрамының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, санитарлық және өртке қарсы нормалардың сақталмағаны белгілі болды. Мекемеде мерзімі өткен азық-түліктер мен медициналық препараттарды қолданған. Медициналық қарсы көрсетілімдері мен шектеулері бар талапкерлерді оқуға заңсыз қабылдау фактілерін біле тұра, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшылары тиісті шаралар қабылдамаған», - делінген Түркістан облыстық прокуратурасының хабарламасында.

Тексеру нәтижесіне сәйкес заң бұзушылықтарды жою және бала құқықтарын қорғау мақсатында облыс әкімдігіне және мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттеріне 5 прокурорлық ден қою актісін енгізді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды