«Лифт істен шыққан»: Оралда зейнеткер әйел 8-қабатқа жаяу көтеріліп, көз жұмды

Аиса Махамбет Редактор
22.02.2024, 17:06
606
«Лифт істен шыққан»: Оралда зейнеткер әйел 8-қабатқа жаяу көтеріліп, көз жұмды ашық дереккөзден

Оралда жетпіс жастағы зейнеткер әйел 8-қабатқа жаяу көтеріліп, көз жұмды.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Оралда зейнеткер әйел 8-қабатқа жаяу көтерілген соң қан қысымы күрт көтеріліп, көз жұмды.

Орал қаласы Сырым Датов көшесіндегі тоғыз қабатты жатақханада тұратын Мәншүк Құдабаева лифттің ақауына байланысты күн сайын сегізінші қабатқа жаяу көтеріліп-түсуге ​​мәжбүр болған. Жетпіс жастағы зейнеткер кішкентай немересін күнде балабақшаға апарып жүрген.

Зейнеткердің көз жұмғаны туралы көрішелері хабарлады.

«Мәншүк енді арамызда жоқ. Ол әдеттегідей сегізінші қабатқа жаяу көтерілген. Пәтеріне кіруге де үлгермей, есінен танып құлап қалған. Жедел жәрдем келді, бірақ есін жимастан көз жұмды. Бәрі өте жылдам болды.Олардың айтуынша, сегізінші қабатқа көтерілгеннен кейін қан қысымы күрт көтеріліп кеткен», – деді көршісі Серік Қодаров.

Бұған дейін облыстық мәслихат депутаттарының бірі жатақхананы аралап, лифт жөндейтін демеуші іздеу керектігін айтқан.

Бұл көпқабатты үйдің жоғарғы қабаттарында зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Лифт істен шыққалы бір жылға жуық уақыт өткен. Тұрғындар оны жөндеуге 1 миллион 200 мың теңге қажет екенін айтады.

Әкімдік оларға бұл ақшаны өздері жинауға кеңес берген, бірақ тұрғындар бұл бағаның тым қымбат екенін айтқан.

MNU Marathon: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті Талдықорғанда қонақүй әкімшісін 12 жерінен пышақтап, өлтіріп кетті Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды