2276

Mercedes-Benz бренді Илон Масктың қателігінен Tesla-ны басып озды

Илон Масктың компаниясы рейтиңде төмендеп қалды.

Mercedes-Benz бренді Илон Масктың қателігінен Tesla-ны басып озды
teslarati

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, неміс Mercedes-Benz электромобиль өндірушісі Tesla-ны басып озып, ең қымбат автомобиль брендіне айналды. Бұл туралы Brand Finance халықаралық агенттігі жазды.

Халықаралық талдау агенттігінің жыл сайынғы баяндамасына сәйкес Tesla бренді Mercedes-Benz-тің артында қалды.

«Тесланың рейтиңдегі құлдырауы электромобиль брендін өндірушісі Илон Масктың айналасындағы қарама-қайшылықтарға байланысты боп отыр», - делінген хабарламада.

Mercedes-Benz брендінің құны 1%-ға өсіп, 59,4 миллиард долларға жетсе, ал Tesla бренді 12%-ға, 58,3 миллиард долларға дейін арзандаған.

Сондай-ақ BYD Қытайдың ең құнды автобренді болып танылды. Оның құны 20%-ға өсіп, 12,1 миллиард долларға жетті.

Осылайша бүкіл әлемде қытайлық электромобильге деген қызығушылық артып келеді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор