Ұлытауда құлдықта болған балалар 4 ай бойы кезекпен сабақтан қалып отырған

22.02.2024, 19:18
1888
Ұлытауда құлдықта болған балалар 4 ай бойы кезекпен сабақтан қалып отырған ашық дереккөзден

Ұлытауда 5 жыл құлдықта болған балаларға қатысты жаңа дерек анықталды.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Ұлытау облысында бала асырап алған отбасы балаларды құлдықта ұстап келген. Бұл туралы Qazaqstan арнасы жазды.

Ұлытауда 5 жыл құлдықта болған балаларға қатысты жаңа дерек анықталды. Оқушылар сабаққа бармаған. Ал жергілікті емхана қызметкерлері жалған анықтама беріп келген. Бұл туралы балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтты.

Оның сөзінше қамқоршы органдар жарты жыл сайын тексеру жүргізген. Олар былтыр қыркүйектен бастап алғаш күдіктене бастаған. Өйткені балалар кезек-кезек бір аптадан сабақтан қалып отырған. Бұл жағдай қаңтар айына дейін 4 ай бойы жалғасқан.

Қаңтар айында Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, балалар тәрбиеленіп жатқан барлық отбасын тексеріп шығуға тапсырма берген. Осы тексеру кезінде Ұлытаудағы жағдай әшкере болды. Комитет төрағасы қазір қылмыстық іс жүріп жатқанын және ешкім жауапкершіліктен құтылмайтынын жеткізді.

Мұндай жағдайда 111 телефонына хабарласу керек дейді. Бұған дейін хабарлағанымыздай 17 ақпанда Ұлытау облысында 5 жыл бойы фермада жұмысқа жегіліп, құлдықта болған балалар құтқарылған еді. Екі күннен кейін күдікті әйел ұсталды.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды