«Адам басына 10 мың доллар». Таиландта құлдықта болған қыздар құтқарылды

Аиса Махамбет Редактор
22.02.2024, 20:29
927
«Адам басына 10 мың доллар». Таиландта құлдықта болған қыздар құтқарылды pexels

Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде 100-ге жуық қазақстандықтар құлдықта жүр.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Сыртқы істер министрлігі Таиландта құлдықта болған екі қыздың аман-есен құтқарылғанын хабарлады. Бұл туралы КТК арнасы жазды.

Құлдықтағы қыздар құтқарылғанмен, одан құтыла алмай жүргендер көп.

Министрліктің дерегінше, қазіргі таңда Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде 100-ге жуық қазақстандықтар құлдықта жүр. Соңғы екі жылда Таиландпен шекаралас орналасқан Мьянма, Лаоста 200-ге жуық отандасымыз тәнін саудалауға, еркінен тыс қара жұмысқа жегілген. 

Сол жақтағы дипломаттарымыздың көмегімен Мьянма мен Лоас аумағынан 28 қазақстандық шығарылған. Тағы 60-қа жуық отандасымыз елшілікке жүгінбей, өз күшімен елге оралған. 

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі: — Қаңтардың соңында Таиландағы консулдыққа «Мен Қазақстанның азаматымын, джунглидің ішіндемін, қай мемлекет екенін білмеймін... Жұмыс бабымен құлдыққа түсіп қалдым, көмектесіңіздер» деген хабарлама түсті. Сөйтсек, біздің екі азаматымыз алданып, «алтын үшбұрышта» құлдыққа түсіп қалған. Қызығы, екеуінің де жоғары білімі бар, бірнеше тіл біледі. Олар интернеттегі хабарламаны көріп Таиландқа барған ғой, жұмыс істеуге. Әр адамның басына 10 мың доллардан ақша сұраған. Жергілікті билікпен қосылып екі қызды құтқардық. Қазір Қазақстанға ұшақпен ұшып келе жатыр.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды