«Болашақ» стипендиясының шарттарына онлайн қол қою мүмкіндігі іске қосылды

23.02.2024, 10:12
970
«Болашақ» стипендиясының шарттарына онлайн қол қою мүмкіндігі іске қосылды ашық дереккөзден

«500 ғалым» бағдарламасының жеңімпазы болып төртінші лекте 481 ғалым атанды.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, «500 ғалым» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамалардың барлық жеңімпаздары онлайн форматта оқуға келісім-шарт жасасты.

Бұған дейін келісім-шарттар жасау процесі 90 күнге дейін созылатын, стипендиаттар мен стипендиаттардың кепілгерлері Астана қаласындағы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ кеңсесіне өзі келуге міндетті болатын.

Шарттарға қол қою стипендиаттар мен кепілгерлердің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, TrustContract сервисі арқылы жүзеге асырылады. Әрбір қол қоюшыға SMS хабарлама арқылы шарттың мәртебесі туралы хабарлама жіберіледі.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру мақсатында бизнес-процестерді оңтайландырып, бюрократиялық процедураларды азайтып, цифрлық форматқа көшуде. Жұмыс тобы ғылыми тағылымдамадан өтушілердің келісім-шартқа отыру процесін жедел цифрландыру міндетін қойған болатын. «500 ғалым» бағдарламасының жеңімпазы болып төртінші лекте 481 ғалым атанды және олардың барлығы бірнеше кепілгерлермен бірге келісім-шарттар жасасу үшін өз аймақтарынан Астанаға келіп, жол жүруіне, тұруына және кезекке тұруына жеке қаражатын жұмсаушы еді. Енді бүкіл процесс бір-екі күнге созылып, ыңғайлылық пен шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді», – деді Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек.

Тағылымдама бағыты бойынша «Болашақ» стипендиясының иегерлері үшін де онлайн келісім-шарттар жасау процесі қолжетімді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерістерін цифрландыруға ерекше назар аударып отырғанын айта кеткен жөн.

Жақында магистратура және докторантура бағыттары бойынша «Болашақ» стипендиаттары үшін де келісім-шарттарға цифрлық қол қою қолжетімді болады. Қазіргі уақытта кепіл мүлкін цифрлық тіркеу процесі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен пысықталуда.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді