Мектепте 400 млн теңге жымқырған лудоман бухгалтер 7 жылға сотталды

23.02.2024, 10:44
1001
Мектепте 400 млн теңге жымқырған лудоман бухгалтер 7 жылға сотталды nur.kz

Сотта лудоманияға шалдыққанын мойындаған есепші анасынан кешірім сұрады.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Ақтөбе қалалық сотының судьясы №55 мектептің бұрынғы бас есепшісін жеті жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды. 

Ақтөбе қалалық сотында мектептің бас есепшісіне қатысты "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу” бабымен қаралған қылмыстық іске үкім шықты.

"Оны айыпты деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Материалдық қызметке жауапты басшылық қызметті атқару құқығынан 10 жылға айырылсын. Жазасын өтеу орны қауіпсіздігі орташа түзету мекемесі деп бекітілсін. Ақтөбе облыстық білім басқармасының азаматтық арызы негізінде 413 823 951 өндірілсін", - деді судья.

Қазына қаржысын алған есепшінің сотына Ақтөбе облысындағы 389 мектептің есепшісі мен директорлары онлайн қатысты. Өз ісіне өкініш білдірген сотталушы соңғы сөзінде көңілі босап, анасынан кешірім сұрады.

"Мен тергеуге көмектестім. Өз ісімді жасырмадым, мойындадым. Мені қатаң жазаламауды сұраймын. Осы сәтті пайдаланып мен анамнан кешірім сұраймын. Үнемі жақсы ұл болуға ұмтылдым. Сіздің арқаңызда жақсы қыздың жүрегін жаулап, үйлендім, қазір екі немеренің әжесісіз. Бірақ мен лудоманияға шалдықтым. Мен өзімді ұстай алмай, жолдан тайдым. Енді сізді жылатпаймын. Кешіріңіз мені",- деді сотталушы.

Іс материалына сүйенсек, ол 2015 жылдың наурыз айынан 2023 жылдың наурыз айы аралығында ауыр қылмыс жасады деп айыпталады. Сарапшы талдауы бойынша жалпы сомасы 413 822 951 теңге шығын келтірген.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды