"Трамвайды қайда жібердің?": Меруерт Түсіпбаева Алматы қаласының экс әкімі Бауыржан Байбекке шүйлікті

Аиса Махамбет Редактор
23.02.2024, 12:32
1148
"Трамвайды қайда жібердің?": Меруерт Түсіпбаева Алматы қаласының экс әкімі Бауыржан Байбекке шүйлікті ашық дереккөзден

Әнші саяси көзқарасын жасырмай, ашық сынады.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, танымал әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Меруерт Түсіпбаева үлкен қаладағы кептелістер туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Бүгінде әнші Европа аралап жүр. Бірақ елде болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарап отырған жоқ. 

“Неткен, момын халықпыз?! Алматы тұрғындары болып, трамвайды сақтап қала алмадық! Шетелге келсем, трамвай көрсем, қатты мұңға батамын. Трамвай – қаламыздың көркі еді. Одан кейін экология жағынан пайдалы транспорт. Қазір қаламыз трамвайға зәру. Кептелістің азаятын түрі жоқ. Трамвай көрсем, өзегімді өкініш өртейді. Сол кезде бір адам Байбекке қарсы шықпады. Қолыма плакат алып, “тиметрамвайға!” деп жазып алып, өзім болсам да шығу керек еді. Өткенге өкінгенімен пайда жоқ”, – деп жазды әнші. 

Өнер иесі қаладан трамвайды алдырып тастаған сол кездегі қала әкіміне іздеу салды. 

“Қазақтар қолдағы бар дүниенің басына су құюға шеберміз. Мен үндемесем, сен айтпасаң, жұртымыз не болады?!. Байбек мырза, сіз қайдасыз осы?! Храпунов “жеді, ішті, қашты” деп ренжідім. “Ұлты басқа ғой, жаны ашымады қазақтарға” деп топшыладық. Сіз – қазақсыз ғой?! Алматының трамвайы қайда?! Шетелде жүрсеңіз, елге бірге қайтайық!”, – деп шүйлікті эстрада әншісі. 

Еске салайық, әнші 156 мың жалақы алатын мемлекеттік қызметінен кеткенін жазған едік. 

«Ол саған малай емес»: Ерке Есмахан үйін тазалатамын деп басы бәлеге қалды Балаларды қорғау күніне орай «Ордабасы» футбол клубының мүшелері шеберлік сабағын өткізді «Жасым келді ғой»: Нұрлан Еспанов 10 жылдан бері атақ алмай жүргеніне ренжіді Бизнес үйретемін деп жұртты алдаған ақтаулық коучқа үкім шықты Жалғызбасты ана өзін бірнеше ер адам ұрлап әкетіп, мәжбүрлеп жындыханаға жатқызғанын айтты (ВИДЕО) «Мейрамхана, лимузин, от-шашу»: Ақтаудағы балабақша түлектерінің бітіру кеші жұрт талқысына түсті (ВИДЕО) Қарағандылық әке 16 жастағы қызын бір топ еркек зорлап кеткенін айтты «Елден шығуға болмайды деп айтпады»: Ақнәрдің өліміне күдікті қыз сұхбат берді (ВИДЕО) Астанада жасөспірімнен ақша бопсалаған төрт адам 10 жылға сотталды «Мені кемсітті»: Соңғы қоңырауда жас түлек мектеп директоры туралы шындықты айтып кетті Тұрсын Алагөзов 100 қызметкеріне 100 баспана сыйлады «Ақиқат үшін жұмыс істедім»: Шерзаттың адвокаты соттан шеттетілгенін айтты (ВИДЕО) Германия канцлері Фридрих Мерц Израильді сынға алды Атыраулық келіншек сырғасын шешуге құтқарушыларды шақырған Енді ChatGPT де Қазақстанға қосымша құн салығын төлейді Макрон әйелінің әрекеті туралы түсіндірді (ВИДЕО) Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады Майра Мұхамедқызы Қытайда профессор атанды Шымкенттік ер адам зообақта түйеқұсты бір тепті «Тілімді алады»: Досымжан Таңатаров не үшін 30 жылдан бері әйелін жасырып жүргенін айтты (ВИДЕО)