«Денесін қайтаруын талап етемін»: Навальныйдың анасы тергеушілерден қысым көргенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
23.02.2024, 13:55
898
«Денесін қайтаруын талап етемін»: Навальныйдың анасы тергеушілерден қысым көргенін айтты ашық дереккөзден

Марқұм саясаткердің жұмбақ өлімінен кейін туыстарына қысым көрсетіліп жатыр.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Алексей Навальныйдың анасы ұлының денесін көрсеткенін алайда оны әлі бермей жатқанын айтты. Құжаттарда оппозиционердің табиғи себеппен көз жұмғаны көрсетілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

Навальныйдың анасы Людмила X желісінде видео хабарлама жазды. Ол бір күн бұрын өзін жасырын түрде мәйітханаға апарып, ұлының денесін көрсеткенін жеткізді.

"Тергеушілер өлімнің себебін біледі. Оған барлық медициналық және заңды құжаттарды дайындап қойған. Мен өлім туралы медициналық куәлікке қол қойдым. Заң бойынша, олар маған Алексейдің денесін бірден беруі керек еді. Бірақ осы уақытқа дейін бермей отыр. Тіпті олар мені бопсалап, түрлі шарттар қоюда. Олар Алексейдің қайда, қашан және қалай жерленетіні жасырын болуын талап етуде”, – деді Людмила.

Навальныйдың анасы жасырын жерлеуге келіспесе, олар оның денесіне бірдеңе жасайтынын айтқан екен.

“Олар жерлеу рәсімі құпия өткенін қалайды. Олар мені соңында белгісіз бір зират басына апарып, “ұлыңыз осы жерде” деп айтқысы келеді. Мен мұнымен келіспеймін. Алексеймен бірге болған әрбір жанның оны соңғы сапарға шығарып салып, қоштасуына мүмкіндігі болғанын қалаймын. Қазір олар мені бопсалап, жаназаны құпия өткізуге келіспесем ұлымның денесіне кесірі тиетінін айтты. Мен ешқандай ерекше рәсім сұрап отырғаным жоқ. Тек бәрі заңды түрде орындалуын қалаймын. Мен ұлымның денесін тез арада қайтаруын талап етемін", – деді оппозиционердің анасы.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады