1096

Димаш Құдайберген туған күнінде концерт береді

Димаш биылғы көктемде 30 жасқа толады.

Димаш Құдайберген туған күнінде концерт береді
ашық дереккөзден

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Димаш Құдайберген Стамбұлда концерт береді. Бұл туралы EL.kz ақпарат агенттігі жазды.

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген 24 мамырда Стамбұл қаласы Бешикташ стадионында жеке концертін өткізеді.

Құрметті достар! 2024 жылдың 24 мамырында «Stranger» туры аясында Түркияның Стамбул қаласында жеке концертім өтеді. Осы кеште өнердің әсем әлеміне құштар, көңілдері ізгілікке толы, дос пейілді жандармен бірге ән шырқап, тұтас бір әлем болатынымызға сенемін! Сол үшін қуаныштымын!, - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Бешикташ стадионы Босфор жағалауында орналасқан. Оған шамамен 42000 көрермен сияды. Билеттер 9 ақпаннан бастап сатылымда.

Айта кетейік, 24 мамыр күні Димаш Құдайберген 30 жасқа толады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор