2072

"Кімнен қорқамыз": Шавкат Рахмонов GGG – "Канело" трилогиясының жеңімпазын атады

Ол Головкиннің Канелодан жеңіліп қалғанын айтты.

"Кімнен қорқамыз": Шавкат Рахмонов GGG – "Канело" трилогиясының жеңімпазын атады
ашық дереккөзден

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, UFC промоушенінде өнер көрсететін файтер Шавкат Рахмонов Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы үш кездесуге қатысты пікірін айтты. Бұл туралы kaz.nur.kz сайты жазды.

UFC-дің жартылай орта салмақ рейтингінің 3-орнында тұрған қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов отандасы Головкин мен "Канело" арасындағы жекпе-жектерге қатысты пікірін айтты.

"Головкинді 2023 жылы Қазақстан ұлттық құрамасының матчында көрдім. Бір-бірімізге сәттілік тіледік. Ол да қарағандылық. Әрине, құрметтейміз ғой. Гена – аңыз адам. Қазақстанның туын көтеріп жүр.

Головкин "Канелоға" қарсы үш кездесуінің біріншісінде жеңді, екіншісінде тең түсті. Ал үшінші жекпе-жекте жеңіліп қалды деп ойлаймын. Бірақ алғашқы жұдырықтасуында нақты жеңіске жеткені күмәнсіз. Десе де ондай деңгейде бокс тек бизнес. Кімнен қорқамыз. Сөз бостандығы бар ғой", – деді Шавкат Рахмонов.

Осыған дейін Шавкат Рахмонов Леонға қарсы жекпе-жектен бас тартқанын жазған едік. Алайда файтердің ресми өкілі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Материал авторы