Орталық Азиядағы ең ірі робототехника чемпионаты Астанада өтіп жатыр

23.02.2024, 15:48
1002
Орталық Азиядағы ең ірі робототехника чемпионаты Астанада өтіп жатыр Оқу-ағарту министрлігі

Үш күн бойы бес елден келген 3 мыңнан астам мектеп оқушылары өзара бәсекеге түсетін болады.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, бүгін Астанада робототехникадан Орталық Азиядағы ең ауқымды дода Central Asia FIRST Championship чемпионатының ашылуы өтті.

Байқауға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Орта білім беру комитетінің төрағасы министрліктің STEM білім беруді дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

«Мұндай байқаулар жас зерттеушілерге өз әлеуетін ашуға және техника, технология, физика, математика салаларында өздерін дәлелдеуге көмектеседі. Бұл алаң тәжірибе алмасу, шабыт алу және оқушылардың ғылыми қызығушылықтарын дамыту үшін тамаша мүмкіндік. Осы идея елімізде робототехниканың дамуына үлес қосып, қатысушылар тамаша нәтижелерге қол жеткізсін. Баршаңызға сәттілік тілеймін!», – деді Қаныбек Жұмашев.

Конкурс әлемдік FIRST бағдарламасы аясында үш жас категориясы бойынша өтеді: FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) және FIRST Tech Challenge (12-18 жас). Сонымен қатар чемпионатта инновациялық жобалар байқауы мен қазылар сессиясы да болады.

Айта кету керек, FIRST чемпионаттары жыл сайын түрлі тақырыптар бойынша өткізіледі. Биылғы маусым өнер тақырыбына арналды. Байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар, АҚШ, Австралия, Сингапурдағы халықаралық олимпиадаларға қатысуға лицензиялар, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарына гранттар, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. 

Чемпионатты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «USTEM Foundation» және Астана қаласының Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен бірлесіп өткізіп жатыр.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады