Путиннің АҚШ журналисіне берген сұхбаты Американы шайқай ма?

23.02.2024, 16:09
596
Путиннің АҚШ журналисіне берген сұхбаты Американы шайқай ма? бейнежазбадан алынған кадр

Байден-Трамп текетіресі мен Путиннің жайы несімен байланысып тұр?

АҚШ-тың келесі президенттігіне Джо Байден өте алмауы мүмкін. Оның жасы 81-де. Әрі осы жолғы сайлауға түсуге бұрын президент болған Дональд Трамп жағаласып жатыр. Дональд Трамп сайлауға дейін Джо Байденді абыройдан жұрдай етудің бар амалын жасап бағуда. Америкадағы бүкіл республикалық партияның мүшелері мен депутаттарын жатқызып-тұрғызатын Трамп Джо Байденнің бастамаларын Конгрестен өткізбеуге күш салып жүр. Трамптың айтуымен Конгрестегі республикалықтар Байденнің араласуымен ұсынылған заңдардың қабылдануына қарсы дауыс беріп тежеп отыратын болды. Трамптың қадағалауымен республикалықтар Украинаға қаржылай және әскери техника түріндегі АҚШ көмегін де Конгрестен өткізбей қойды. Мұны да Дональд Трамп Джо Байденді қауқарсыз етіп көрсету үшін істейді. Әрі Конгрестің жақында сайланған спикері Трамптың өз адамы болып шыққан.

Президент болып сайланса, Трамп Украинаға көмекті жалғастыруы да мүмкін деп жатыр. Ал әзірге оған Украинадағы соғыстың жағдайынан гөрі Джо Байденнің саяси бейнесі мен беделінің құлдырағаны керек. Трамп Байденді   «Ауғанстаннан әскерді шығарарда бір ұятқа қалып еді, енді Украинаны зарықтырып тағы ұятқа қалсын» деген адамның тірлігін істеп отыр. Таяудағы сөздерінің бірінде Трамп Украинадағы соғысты бір-ақ тәулікте тоқтатамын деп кеуде қаққан. Бірақ қалай тоқтататынын айтпаған. Сарапшылар Дональд Трамп Украинаның орыс әскерінің қолында қалған жерін Ресейге бергізіп тоқтатуды ойлауы мүмкін екенін айтқан. Жалпы, Трампты Ресейге бүйрек бұратын адам ретінде атаушылар көп. Ресей билігінің өзі АҚШ-қа Дональд Трамп президент болса, проблемамыз шешілер еді деп үміттенетін көрінеді. Дегенмен Трампты кейбіреулер эмоцияның адамы, алған бетінен оңай қата салатыны бар деп те жатады. Соған қарағанда ертеңгі күні президент болса, Ресейге пысқырып та қарамай кетуі ғажап емес шығар, кім білсін. 

Қысқасы, республикалық партияны оң жамбасына келтіріп алған Дональд Трамп президент сайлауына түсемін деп жанталасып жүр. Ұл-қыздарының оған қоя қойыңыз, сайлауға түспеңіз дегенін тыңдамайды дейді. Ұл-қыздары оның сайлау ісіне қызмет етуден бас тартыпты. Дональд Трамп осы күні 77 жаста. 

Партиялардың ішінде өткізіліп жатқан праймеризден сайлауға түсуі мүмкін адамдардың аттары белгілі бола бастады. Республикалық партиядан Дональд Трамптан бөлек, бұрын АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі болған 52 жастағы Никки Хейли деген әйелдің және 56 жастағы бизнесмен әрі Техастағы бір шіркеудің Райан Бинкли деген пасторының, демократтардан Джо Байденен бөлек өзін-өзі дамыту жөніндегі кітаптардың 71 жастағы авторы, өзі әйел кісі Марианна Уильямсонның және саясатта жүрген 55 жастағы Дин Филлипс дегеннің аттары аталып жатыр.

Дональд Трамп осылайша Американы саяси тартыс ахуалына тіреп қойды. Енді ол Америка халқына Путиннің сөзі мен уәждерін тыңдатуды ойласа керек. Трамп Такер Карлсон деген журналист жігітті Мәскеуге Путиннен сұхбат алуға жіберген екен. Ол Мәскеуге барып, қаланы аралапты, Путиннен сұхбат алыпты. Кеше, яғни 7-ақпанда жариялаған бейнеүндеуінде ол Ресей президентінен сұхбатты алғанын растады. Сөз арасында Джо Байденнің әкімшілігі оған Мәскеуге жолға шығуына кедергі келтіргісі келгенін айтты. Журналист өз сөзінде Путиннің аузынан шыққан арнайы операцияның себептері жайлы уәждерін АҚШ халқы тыңдауы маңызды екенін, себебі Украинадағы әскери қимылдардың қаржыландырылуына Американың салық төлеушілерінің тікелей қатысы барын келтірді. Журналист Такер Карлсон Украина президенті Владимир Зеленскийден де сұхбат алуға әрекет ететінін айтып уәде берді. 

АҚШ журналисінің Путиннен сұхбат алатыны жайлы андатпаның өзі әлеуметтік желіде үш сағатта 20 миллион қаралымға шықты. 

Путиннің сұхбатын америкалықтар тыңдайтыны Джо Байденнің өзі мен әкімшілігі үшін өте жайсыз тиіп отыр. Бұл сұхбат АҚШ-та Украинадағы соғысты қолдауға жаппай қарсы пікір қалыптастыруы мүмкін. Сұхбатта Путин Ресейді ешкімге, әсіресе АҚШ-қа жау емес деп көрсететіні сөзсіз. Ал Ақ үй күн сайын Ресейді дұшпан, ережелерге негізделген әлемге қол сұғушы етіп көрсетіп келеді. 

Такер Карлсон жай журналист емес екен. Дональд Трампқа өте жақын адамдардан болып шықты. Себебі Дональд Трамп президент болып сайланса, Такер Карлсон вице-президент болатыны республикалық партияда осы бастан шешіліп қойған деп жатыр. Журналистің ақпарат тарататын өз интернет-арнасы бар көрінеді. Ал Ресей президентінен тек сұхбат алып қана қоймаған болуы да мүмкін. Себебі президент Дональд Трамптың орынбасары болған жағдайда Ресеймен қандай қатынас жасалатынын пысықтаған да шығар.

Осындай үлкен саяси ойынның куәсі болып жатырмыз. Ақыры тыныш болғай.  

Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды Кластастар қайда: сыныптасын секс құлдықта ұстағандардың ісі не болып жатыр? Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым: Нәлібаев халықтың ойын дөп айтты «Біз – араб емеспіз»: Нұрлан имам қалыңмалға қосып мәһрді де алуға болмайтынын айтты Базардан ет алу – қорқынышты: Атырауда сібір жарасы анықталды Жолбарыстың видеосын жариялаған теміртаулық әйелдің басы «бәлеге» қалды (ВИДЕО) «3 бастық жабылып ұрып-соғып, жала жапқан»: түрме қызметкеріне бастықтары қорлық көрсетіп келген (ВИДЕО) Біз сенген басшылар инфляцияны қалай тежемек?