Прокурор Арыстанбек Мұхамедиұлын түпкілікті 12 жылға соттауды сұрады

23.02.2024, 17:27
803
Прокурор Арыстанбек Мұхамедиұлын түпкілікті 12 жылға соттауды сұрады halyq-uni

Астана сотында мемлекеттік айыптаушы бұрынғы спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қылмыстық істің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Астана сотында мемлекеттік айыптаушы бұрынғы спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қылмыстық істің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы Halyq Uni жазды.

Прокурор Олжас Хайруллаев Арыстанбек Мұхамедиұлын қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі (қылмысты ұйымдастыру), 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша кінәлі деп танып, 8 жыл 1 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) бойынша мүлкін тәркілемей, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды сұрады.

Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі – 249-бабы 1-бөлігі (рейдерлiк әрекетке дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша мүлкін тәркілемей, 2 жылға коммерциялық ұйымдарда әкімшілік-шаруашылық қызметпен айналысу құқығынан айырып, 3 жыл 9 ай бас бостандығынан айыруды сұрады.

Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі – 250-бабы 1-бөлігі (өкiлеттiктердi терiс пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ұйымдастыру) бойынша 4 жылға соттауды сұрады.

"Қылмыстық кодекстің 58-бабы 6-бөлігі негізінде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылдың 13 ақпандағы үкіміндегі жазаны ішінара қосу арқылы қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша Арыстанбек Мұхамедиұлын мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырып, 12 жылға бас бостандығынан айырылсын", - деді прокурор.

Айта кетейік, бұған дейін Сот үкімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы аса ірі мөлшерде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды