Қазақстанда Nestle компаниясының өтінішінен кейін тексеріс жүргізілді

Аиса Махамбет Редактор
23.02.2024, 18:06
907
Қазақстанда Nestle компаниясының өтінішінен кейін тексеріс жүргізілді ашық дереккөзден

Контрафактілік тауарлар табылды.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Қазақстанда Nestle компаниясының өтінішінен кейін тексеру жүргізілді. Толығырақ брифингте Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Оның айтуынша, 7 ақпанда Әділет органдары мен полицейлер Шымкентте Kit Kat және Nesquik сауда белгілерімен таңбаланған ондаған контрафактілік тауарларды тапты.

"Әділет органдары 48 мыңнан астам жалған өнімді тәркіледі. Бұл өнім Шымкент қаласында "Б." ЖШС көтерме сату арқылы таратылды. Тексеру Nestle S. A. компаниясының өтініші негізінде жүргізілді", - деді Талғат Уәли.
Іс материалдары соттың қарауына берілді.

Әділет министрлігінің өкілі жалған немесе контрафактілі өнімді сату және тұтыну қазақстандық қоғам үшін күрделі мәселе екенін атап өтті. Бұл сауда белгілері иелерінің құқықтары мен мүдделерін бұзып қана қоймайды, сонымен қатар тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

"Жалған өнімдерде көбінесе токсиндер, аллергендер, канцерогендер, пестицидтер, ауыр металдар, гормондар, антибиотиктер сияқты зиянды немесе тыйым салынған заттар болады", - деп қосты Уали.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстанда бірнеше ұқсас жағдайлар болған. Қараша айында Әділет басқармасы Chanel, Apple, Louis Vuitton, LEGO, Puma және басқалары сияқты әлемге әйгілі брендтердің иелерінің құқықтарын қорғағанын хабарлады. Тәркіленген контрафактілік өнімдердің қатарына киім, тұрмыстық химия, автомобиль бөлшектері, гаджеттер және тамақ өнімдері жатады.

Тек Apple компаниясының мәлімдемелері бойынша 30 тексеру шарасы өткізілді. Тексеру қорытындысы бойынша кінәлілерге айыппұл салынды, жалған өнімнің 9 662 бірлігі - құлаққаптар, смарт-сағаттар, зарядтағыштар, сымдар, ұялы телефондарға керек - жарақтар: 15 миллион теңгеден астам сомаға тәркіленді.

Айта кетейік, Nestle S. A. — Швейцарияның трансұлттық корпорациясы, әлемдегі ең ірі азық-түлік өндірушісі.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді