«Шымкент қаласы өзінше бір заңмен жүреді» — Бақытжан Базарбек

Аиса Махамбет Редактор
23.02.2024, 18:42
1110
«Шымкент қаласы өзінше бір заңмен жүреді» — Бақытжан Базарбек ашық дереккөзден

«Мен өзім Шымкент қаласының жағдайын өте жақсы білемін» дейді депутат.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбеков жиналысы үстінде әкімдік қызметкерін антикордың алып кеткеніне қатысты пікірін білдірді.

«Сыздықбеков кішкене жаңа леппен келген әкім. Қызметкерді әкімдіктің жиналысына алып кеткені көп талқыланып жатыр ғой. Бұл оның әдісі. Сыбайлас жемқорлықпен күресу кезінде қоғамға кішкене болса да сигнал бергісі келгені ғой енді. Өзі де айтып отыр, бірнеше рет сіздерді ескерттім, қоймадыңыздар деп. Сыбайлас жемқорлықпен әр қайсымыз әр түрлі сигналмен күресеміз, Парламент трибунасында айтамыз, Парламент Мәжілісінің жалпы жиналысында айтамыз. Әкімдіктің жиналысы Мәжіліс жиналысы сияқты бүкіл Қазақстанға таралмайды ғой. Сол жиналысты пайдаланып солай жасағаны бұл. Ең бірінші, халыққа құлаққағыс, мен де күресіп жатырмын деген», — деді Мәжіліс депутаты.

Бақытжан Базарбек Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков «артық кетіп қалғанын» да айтты.

«Өзінің іс-әрекетінде, мүмкін, кішкене артық кетіп қалған шығар. Жалпы жиналыста емес, заңгер ретінде айта аламын сот шешмімі заңды күшіне енбей, ешкімді кінәлі деп есептеуге болмайды. Кінәлі деп айыптауға болмайды. Жеке пікірім, сөзінде артық өтіп кеткен сияқты. Сыбайлас жемқорлықпен басқаша күресу мүмкін емес, бұл сигналды мен де түсіндім, ол оң сигнал. Бұл жерде Шымкент қаласының әкімін қоғам ретінде қорғап жіберу керек сияқты. Әрине, қоғамды дүрліктермей, тыныш жасауға болатын еді. Антикорға жиналыс уақытында емес, жұмыс уақытында келіп кабинетінен алып кетуге болады ғой. Мен өзім Шымкент қаласының жағдайын өте жақсы білемін. Бірнеше рет тексеріс ашқанбыз. Сыбайлас жемқорлық мәселесі Тәуелсіздік жылдарынан өзекті болған. Шымкенттің жерді табыстау, жерді беру мәселелері Қазақстанның заңына бағына қоймай ма деп ойлаймын. Шымкент қаласы өзінше бір заңмен жүреді. Сыздықбековпен жемқорлықпен күрес күшейеді деп ойламаймын. Сигнал ретінде жеке өзім құптаймын, бәріміз шаршадық жемқорлықтан. Осы Оңтүстік Кореядан президенттерді жиналыстың өзінен келіп алып кеткен, Украинада да, Израильде де сондай жағдайлар бар», — деді Б.Базарбек.

Депутаттың айтуынша, жиналыс үстінен Антикор алып кеткен шенеунік өзінің ақ екенін дәлелдеп шықса, Шымкент қаласының әкімі ұятқа қалады. 

«Егер ол азамат адвокат жалдап, адвокаттар оның мемлекеттік ақшаны ұрламағаны, жемегені, ешқандай мемлекеттік мүлікке қол сұқпағанын дәлелдеп шықса сотпен, өте ұят нәрсе шығады. Сондықтан, бұл жерде сондай нәрсе жасар алдында, кішкене сақтықты да ұстанған дұрыс», - деді Бақытжан Базарбек.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді