Қарағанды облысында өрттен бір үйдің төрт баласы қайтыс болды
Өрт себебі әлі белгісіз.
SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы өңірінде өрт болды.
Қарқаралы ауданындағы Қасым Аманжолов ауылында жер үй өртеніп, балалар көз жұмды. Ересектер өрт шыққан кезде көрші үйде болған.
Өрт сөндірілген соң үйден төрт, үш, екі жастағы ер балалар мен бір қыз баланың денесі табылды.
Полиция өрттің неден шыққанын анықтап жатыр.
Материал авторы
Аиса Махамбет
Редактор