Ереуілге шыққан Westoil Software көлік жүргізушілерінің жалақысы - 750 мың теңге

Аиса Махамбет Редактор
24.02.2024, 13:10
1458
Ереуілге шыққан Westoil Software көлік жүргізушілерінің жалақысы - 750 мың теңге sputnik

Тұрғындар мұндай жалақыға сенбей отыр.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, ереуілге шыққан Westoil Software көлік жүргізушілерінің жалақысы - 750 мың теңге. Ал әлеуметтік сауалнамаға қатысқан тұрғындар мұндай көлемдегі жалақыны көп адам ала бермейтінін айтты. Бұл туралы Halyq Uni ақпарат агенттігі жазды.

Жуырда «Westoil Software» басшылығы бірнеше күннен бері жұмысқа шығудан бас тартып, ереуілге шыққан қызметкерлердің әрекетінен компания 900 млн теңге шығынға батқанын айтқан болатын. Қызметшілеріне 24 ақпанға дейін жұмысқа шықпаса, арадағы еңбек келісімшартын үзіп, орнына жұмыссыз жүрген Қарақия мен Маңғыстау облысындағы басқа аудандардың тұрғындарын алу жайлы талап қойған.

Компания талабынан кейін ереуілген шыққан 94 азамат жұмысына қайта оралған.

Ашық дереккөздерде «Westoil Software» ЖШС-да істейтін көлік жүргізушілерінің орташа жалақы мөлшері 750 мың теңге екені хабарланған.

Осыған байланысты тұрғындар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіп көрген едік. Олардың айтуынша, ондай сома – өте жоғары жалақы.

Сонымен, жауаптар легі төмендегідей:

— 750 мың теңге жақсы деп ойлаймын. Егер маған сондай көлемде жалақы берсе, риза болушы едім. 

— Шынын айтқанда, мен құрылыс саласында істеймін. 250-300 мың теңге табамын. Ол маған жеткілікті. Егер маған 750 мың теңге жалақы берсе, миллионер болатын едім. 

— 750 мың жақсы ғой. Кейбіреулер ондай да жалақы ала алмайды. Қазір жалақы аз ғой. 

— 750 мың емес, 500 мың берсе де құдайға шүкір деп айтамыз. Сол жеткілікті қазақстандықтарға. 

— Адамда қанағат болуы керек қой. 750 мың теңге жалақыға өмір сүруге болады. Адамдар ондай жалақы ала алмайды. Қазір 200-300 мың жалақы алып, несие, ипотекасын жауып жүр.

MNU Marathon: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті Талдықорғанда қонақүй әкімшісін 12 жерінен пышақтап, өлтіріп кетті Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды