«2019, 2020, 2021 және 2022 жылы туған»: өрттен қаза болған балаларға қатысты жаңа дерек шықты

Аиса Махамбет Редактор
24.02.2024, 13:45
1343
«2019, 2020, 2021 және 2022 жылы туған»: өрттен қаза болған балаларға қатысты жаңа дерек шықты ашық дереккөзден

Өрт кезінде балалар үйде жалғыз болған.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Қарқаралыдағы үйден шыққан өртке байланысты жағдайдың жай-жапсары белгілі болды. Ол туралы омбудсмен Динара Зәкиева айтты.

Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, балалардың үлкені бес жаста, кішісі 1,5 жаста. 

"Аналары мектепте мұғалім, әкелері құрылыста жұмыс істейді (қыста ол үй шаруашылығымен айналысты). Қайғылы оқиға 23 ақпанда орын алды. Облыс әкімінің орынбасары, төтенше жағдайлар қызметі, уәкілетті органдар оқиға орнында. Қайғыра көңіл айтамын", - деп жазды Зәкиева.

Қайғылы оқиғаға қатысты Қарағанды ​​облысының төтенше жағдайлар департаменті де түсініктеме берді.

"23 ақпанда Қарқаралы ауданы Талды ауылында екі пәтерлі бір қабатты тұрғын үйде 10 шаршы метр аумақта тұрмыстық заттар, жиһаздар, терезе және есік блоктары өртенді. Өрт салдарынан 2019, 2020, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза болды. Өрт кезінде балалар үйде жалғыз болған. Ата-анасы үйде болмаған. Зардап шеккен отбасына жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілуде”, – делінген хабарламада.

Өртке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды