3037

Қарағанды оқушылары мектептерде порнографиялық және есірткі сататын сайттарды еркін пайдаланған

Бұл үрдіс облыстағы барлық мектепте анықталған.

Қарағанды оқушылары мектептерде порнографиялық және есірткі сататын сайттарды еркін пайдаланған
көркемдік үшін / Halyq Uni

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысындағы мектептерде оқушылар тыйым салынған сайттарды еркін қолданған. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі жазды. 

Облыс прокурорлары тексеру барысында білім алушылардың деструктивті ақпаратқа ашық қол жеткізу фактілерін анықтаған. Мәселен, Шахтинск қаласының оқушылары порнографиялық сипаттағы ақпарат пен есірткі сататын жерлерді іздеу үшін браузерлерді еркін пайдаланған. Ал Балқаш қаласында балалар «ЧВК Редан» мүшесі болу үшін тестіден өткен. Бұл ұйым агрессивті жастар тобы болып табылады және қоғамдық қауіп төндіреді.

Бұзушылықтар облыстың барлық мектептерінде анықталған.

Прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, кінәлі адамдар жауапқа тартылды. Білім алушылардың теріс сайттарға кіруін шектеу жұмыстары жүргізілді, - делінген прокуратура мәліметінде.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор