Жұмысының кесірінен ауруға шалдыққан ақтөбелік 17 млн теңге өндіріп алды

24.02.2024, 20:10
1248
Жұмысының кесірінен ауруға шалдыққан ақтөбелік 17 млн теңге өндіріп алды nur.kz

Ақтөбе қалалық сотында жұмысшының жұмыс берушіден моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, іс құжаттарына сәйкес, жұмысшы зауытта 25 жылдан астам уақыт еңбек еткен. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

Тараптар арасында еңбек шарты бұзылған.

Өндірісте зиян еңбек жағдайларында жұмыс жасаған қызметкер кәсіптік ауруға шалдығып, толыққанды жұмыс істеуге мүмкіндігінен айырылған. 2021 жылы талап қоюшыда онкологиялық ауру анықталып, Санкт-Петербург қаласында ақылы ота жасалып, бір өкпесінен айырылды. Салдарынан оған 2 топтағы мүгедектік белгіленді.

Қызметкердің кәсіптік ауруға шалдыққанында жұмыс берушінің 100% кінәсі анықталған. Жұмысшының еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі 89% болды.

"Осылайша, Азаматтық кодекстің 931-бабының 1-тармағына сәйкес, жауапкер кінәсінің дәрежесіне қарамастан, қызметі айналасындағылар үшін қауіптіліктің жоғарылығымен байланысты заңды тұлға ретінде талап қоюшының денсаулығына келтірілген моральдық зиянды өтеуге міндетті. Сот онкологиялық ауруын, өмірлік маңызы бар мүше – өкпенің алынғанын, тыныс алу жеткіліксіздігі секілді асқынулардың пайда болуын, қазір талап қоюшы басқа адамдардың көмегіне мұқтаж екенін ескерді", – делінген сот хабарламасында.

Ақтөбе қалалық сотының шешімімен жұмыс берушіден талап қоюшының пайдасына 17 млн теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды