Димаш тыңдармандары Аргентинада Қазақстан құрметіне монумент орнатады

25.02.2024, 10:52
1432
Димаш тыңдармандары Аргентинада Қазақстан құрметіне монумент орнатады dimashnews.com

Димаштың Аргентинадағы жанкүйерлері ескерткіш орнатпақ.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Аргентинаның Росарио қаласындағы Қазақстан Республикасы алаңында биіктігі алты метрлік «Alma del Río» монументі орнатылады. Бұл бірегей сәулет өнері 2019 жылдан бері бауырлас қала атанған Алматы мен Росарио арасындағы ерекше байланыс пен достықтың символы.

Ескерткіш жобасын Латын Америкасындағы Қазақстан мәдени орталығының директоры Ирина Вагнер таныстырды. Таныстырылымы Дэвис кубогындағы Қазақстан мен Аргентина матчына арналған баспасөз конференциясында өтті.

Иринаның айтуынша, мозаика іспеттес шағын керамикалық элементтермен қапталған бұл ескерткіш – бүкіл әлемдегі бірлік, достық пен бейбітшіліктің символы. Ескере кететін тағы бір жәйт, бұл ескерткіштің әрбір бөлігі Димаштың жанкүйерлерінің қайырымдылық жинағының арқасында жасалады. Бұл сый арқылы Димаштың жанкүйерлері татулықтары мен Димашқа деген адал сүйіспеншіліктерінің шексіз екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ескерткіштің жобасын әйгілі аргентиналық суретші-мүсіншілер Густаво Аугсбургер мен Даниэль Косик жасаған.

Осы орайда, монументтің атауы «Alma del Río» қазақшаға «Өзеннің жаны, рухы» деп аударылса, екінші қызықты дерек: «Alma» – Алматы және «Río» – Розарио қалаларының алғашқы-соңғы буындарынан алынған екен.

Ескерткіштің ашылуы 2024 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, баспасөз конференциясында испан тілінде сөйлейтін жандарға арналған қазақ тілінің тұңғыш оқулығы да таныстырылды. Бұл оқулық таяуда бірнеше елде қолжетімді болады.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды